07.08.2018

Шахматта – алтын медаль

Шахматта – алтын медаль

2018 жылғы 4 тамызда Астанада «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес мекемелерінің қызметкерлері Құрылысшы күні мен «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның 30 жылдығына арналған турнирге қатысты.

Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті шағын футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисінен жарысты ұйымдастырушы болды. Спорттың төрт түрінен өткен жарыс таңнан кешке дейін жалғасты. Ойын ұйымдастырушылары, төрешілер мен қатысушылар әр жарыстағы жоғары бәсекелестікті атап өтті.

Лайықты тайталас нәтижесінде шағын футболдан және волейболдан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның командасы топтық раундтан өтіп, жартылай финалға шықты. Соның ішінде, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес мекемесі) Техникалық мониторинг дирекциясының менеджері Марат Бекзат салтанатты шара барысында «Шағын футбол жарысындағы үздік қорғаушы» атты арнайы жүлдемен марапатталды.

Холдингтің негізгі жеңісі шахматта байқалды. Мұнда «Қазақстанның ипотека компаниясы» ИҰ» АҚ АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес мекемесі) Заңгерлік басқарманың бас заңгері Ердос Алтынбеков жеті жарыста жеті рет жеңіске жетті. Жарыстың алтын медалі мен арнайы кубогі жеңімпаз үшін лайықты жүлде болды.

 

В шахматах – золотая медальШахматта – алтын медаль

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар