Әсер ету
"Бәйтерек" холдингі
  • 8.2 жұмысорнын құрды
  • 314.7 млрдтөленген салық сомасы
  • 2676.2 млрдшығарылған өнім көлемі
  • 436 млрдэкспортқа өткізілген өнім көлемі

"Даму" КДҚ қаржылық бағдарламаларын іске асыруды есепке алмағандағы деректер

2019 жылғы сандар

Жаңалықтар
Холдингі
16.10.2020 16:42:00
Hyundai Алматыда өз автомобильдер өндірісін іске қосты

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматыда Hyundai маркалы жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосты. Жобаны іске асыру "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) қолдауымен мүмкін болды. Зауыттың ашылуына Холдингтің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов қатысты.

16.10.2020 10:06:00
Қазақстанда герман бизнесінің қандай артықшылықтары бар

Пандемиядан кейінгі жағдайда қазақстандық және неміс бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер екі елдің Іскерлік кеңесінің 12-ші отырысында талқыланды.

15.10.2020 14:57:00
«Шаңырақ» бағдарламасына өтінімдерді қабылдаудың үшінші кезеңі басталды

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Шаңырақ" тұрғын үй бағдарламасына өтінімдерді қабылдаудың үшінші кезеңін іске қосты. Үміткерлер 1986 жылдан бастап 2017 жылға дейін тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдіктерде (ЖАО) есепте тұруы тиіс (енді 2016-2017 жылдары кезекте тұрғандар да қатыса алады).

Миссия
Холдингі
 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның миссиясы

мемлекеттік саясатты іске асыру және «Стратегия – 2050» қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Холдинг жүзеге
асыратын бағдарламалар
Еншілес
компаниялар

«Бәйтерек» Холдингінің құрамында 10 еншілес компания жұмыс жасайды, олардың әрқайсысы ел экономикасында өз рөлін орындайды.

Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ«Қазақстанның жобалар дайындау қоры» ЖШС және «Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ қарыздық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру,  лизингтік қаржыландыру және жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша іске асырылатын жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша консультациялық қолдау сияқты құралдарды ұсынады.

Шағын және орта бизнес үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға үш қолдау құралын ұсынады - сыйақы ставкасын субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейлі банктерде шартты орналастыру.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ қаржыландыру, ипотекалық кредиттеу, субсидия және тұрғын үйді жалға беру арқылы тұрғын үй қолжетімділігін арттыруға  бағытталған.

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру туралы тапсырмасын іске асыруда. Осыған байланысты холдингтің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ Қазақстандық ипотекалық компанияға қосылу жолымен таратылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін оған Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын қосу жоспарлануда. Бірыңғай оператор өз жұмысын 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастайды. Ол үш ұйымның функцияларын орындай отырып, тек қана жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Даму Банкі және KazakhExport экспорттаушыларға қолдау көрсетеді, ал QazTech Ventures қорлардың қоры ретінде, венчурлық қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі.  

АО "Казына Капитал Менеджмент"
ТОО "Kazakhstan Project Preparation Fund"
АО «Жилстройсбербанк Казахстана»
АО «Фонд развития предпринимательства «Даму»
АО «Фонд гарантирования жилищного строительства»
АО «Инвестиционный фонд Казахстана»
АО «Ипотечная организация «Казахстанская Ипотечная Компания»
АО «Экспортная страховая компания «KazakhExport»
АО "Банк Развития Казахстана"
QazTech Ventures
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта