Холдингтің тұрақты дамуға қатысты тәсілдемесі

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі даму қаржы институты ретінде ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді және мүдделі тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға ұмтылады.

Холдингтің тұрақты дамуы - Холдинг өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелердің жиынтығы, оның ішінде:

  • мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынасты басқару;
  • ұлттық экономикаға, әлеуметтік салаға және экологияға әсер етуді бағалау және басқару.

Холдинг ұзақ мерзім бойы тұрақты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісімділігін қамтамасыз етеді.

Холдингтің тұрақты даму саясаты

Холдингтің адам құқықтары жөніндегі саясаты

Экономикалық құрауышы Экологиялық құрауышы Әлеуметтік құрауышы
  • Холдинг және оның ЕҰ қызметінің шығынсыздығы;
  • акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз ету;
  • үдерістердің тиімділігін арттыру;
  • неғұрлым жетілдірілген технологияларды құруға және дамытуға инвестициялардың өсуі;
  • еңбек өнімділігін арттыру;
  • жаңа жұмыс орындарын құру;
  • шикізаттық емес салалар экспортының өсуін ұлғайту;
  • өңдеу өнеркәсібінің өсуі.
  • биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсер етуді азайту;
  • шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану;
  • экологиялық таза, энергия және материалды үнемдейтін технологияларды қолдану.
  • ашық конкурстық рәсімдерді және жұмысқа қабылдау кезінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
  • әділ сыйақы және қызметкерлердің құқықтарын сақтау;
  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау;
  • қызметкерлерді оқыту және кәсіптік дамыту;
  • ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру.

Холдингте бизнестің іскерлік беделін арттыруға, компанияны капиталдандыруға, барлық мүдделі тұлғалармен тиімді және теңгерімді қатынастар орнатуға мүмкіндік беретін корпоративтік басқару кодексіне және Холдингтің тұрақты даму саласындағы саясатына сәйкес әзірленген стейкхолдерлер картасы бекітілді.

Мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасай отырып, Холдинг мынадай базалық қағидаттарды басшылыққа алады:

  • қызығушылық танытқан барлық тараптардың мүдделерін құрметтеу және есепке алу;
  • өз қызметі туралы мақсатты аудиторияларды белсенді ақпараттандыру;
  • мемлекеттік бағдарламаларды, жекелеген ішкі рәсімдерді (сатып алу, жұмысқа қабылдау, қаржылық және қаржылық емес қызметтерді ұсыну) іске асыру, сондай-ақ қаржы қаражатын пайдалану бөлігінде ақпараттық ашықтықтың объективтілігін, шынайылығын, тәуелсіздігін және жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  • барлық мүдделі тараптармен ашық және өнімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
  • мүдделі тараптар алдында өзіне алған міндеттемелерді орындау;
  • тұрақты негізде мүдделі тараптардан кері байланыс алу.

Холдинг өз қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына адалдықты ұстанатыны туралы мәлімдейді:

  1. адам құқығын қорғау саласында:
    • Холдинг халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және құрметтейді;
    • Холдинг адам құқықтарының бұзылуына қатыспауды қамтамасыз етеді.
  2. еңбек қатынастары саласында:
    • Холдинг ұжымдық шарттар жасасу құқығын қолдайды және мойындайды;
    • Холдинг мәжбүрлеп жұмысқа тартуды және балалар еңбегін пайдалануды, Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюға ықпал етеді.
  3. қоршаған ортаны қорғау саласында:
    • Холдинг сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерді қолдайды;
    • Холдинг қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдайды;
    • Холдинг экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдеседі.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында:
    • Холдинг бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге төзбеушілік туралы мәлімдейді.
Холдингте орнықты дамуды басқару холдинг қызметін басқарудың жалпы жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Холдингтің Директорлар кеңесі тұрақты дамудың енгізілуіне стратегиялық басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Холдингтің Директорлар Кеңесі жанындағы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Комитет Холдингтің тұрақты даму саласындағы қызметі туралы мәселелерді жыл сайынғы негізде қарайды.

Холдинг басқармасы орнықты даму саласындағы іс-шаралар жоспарын бекітеді. Холдинг басқармасы жанындағы Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі Комитет орнықты даму саласындағы іс-шараларды үйлестіруге жауапты болады.


Холдингтің құрылымдық бөлімшелері тұрақты даму саласындағы ҚНК-ге қол жеткізуді қамтамасыз ететін тұрақты даму саласындағы іс-шараларды іске асырады. Холдингтің бекітілген Тұрақты даму жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Холдингтің жобалау қызметі шеңберінде де, әкімшілік-шаруашылық қызметі шеңберінде де бірқатар іс-шаралар іске асырылды, оның ішінде:

1. Холдингтің БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесі айқындалды, ол «БҰҰ тұрақты даму мақсаттары» деген тиісті кіші бөлімде орналастырылған.

2. Экологиялық және әлеуметтік саясат ережелерін іске асыру шеңберінде Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының инвестициялық қызметіне ESG-қағидаттарын енгізу туралы есеп дайындалды.

3. АӨК саласындағы жобаларды іске асыру кезінде тұрақты даму қағидаттарын қолдануға талдау жүргізілді.

4. Холдинг қызметкерлеріне «Жасыл кеңсе» тақырыбы бойынша оқыту өткізілді.

5. Бірқатар үгіт-насихат шаралары жүзеге асырылды: эко-күнтізбе әзірленді, ресурс үнемдеу бойынша ақпараттық тақта орналастырылды, сенбілік ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Холдинг Ұлттық ESG клубына, сондай-ақ БҰҰ-ның әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бастамасына (Women Empowerment Principles) қосылды.

2023 жылы Холдинг мынадай іс-шараларды іске асыратын болады:

  1. Холдингтің Тұрақты даму саласындағы саясатын өзектілендіру

  2. Тұрақты дамудың әлеуметтік аспектілеріне сәйкес келтіре отырып, бірқатар кадрлық ішкі құжаттарды өзектілендіру.

  3. «Жасыл» жобалар базасын секторлар және оларды іске асырудан болған экологиялық әсерлер бойынша өзектілендіру.

  4. «Жасыл» қаржыландыруды дамыту бойынша еншілес ұйымдармен Құзырет орталығын өткізу.

  5. Экологиялық таза материалдардан дайындалған кеңсе құралдарын сатып алу мүмкіндігін қарастыру.


«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ орнықты даму жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ орнықты даму жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ орнықты даму жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ орнықты даму жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп



іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар