«Бәйтерек» холдингінің стратегиясы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы
мемлекеттік саясатты іске асыру және "Стратегия – 2050" қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның пайымы – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстанның экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды, оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің маңызды институты.
"Холдинг стратегиясын" жүктеу
Маңызды міндеттері:
- Экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту;
- Кәсіпкерлікті (экономиканың жеке секторын) дамыту;
- Экономиканың урбандалуын қолдау;
- Шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау;
- Инновацияларды дамыту.
Стратегиялық қызмет бағыттары:
- Ірі бизнес сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау;
- Шағын және орта бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
- Тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Экспорттық әлеуетті ұлғайту;
- Трансферт және инновацияларды енгізу.