Құрметті, Пейізов Ержан!
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның байланыс ақпаратын baiterek.gov.kz ресми интернет-ресурсының "Байланыс" бөлімінен алуға болады. Сонымен қатар, Холдингте "Шұғыл желі" жұмыс жасайды, ол туралы толығырақ ақпаратты сайттың сәйкес бөлімінен таба аласыз.
Сондай-ақ, «Бәйтерек» Холдингінің құрамында 9 еншілес компания жұмыс жасайды.
Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның жобалар дайындау қоры» ЖШС және «Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ қарыздық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру және жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша іске асырылатын жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша консультациялық қолдау сияқты құралдарды ұсынады.
Шағын және орта бизнес үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға үш қолдау құралын ұсынады - сыйақы ставкасын субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейлі банктерде шартты орналастыру.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ қаржыландыру, ипотекалық кредиттеу, субсидия және тұрғын үйді жалға беру арқылы тұрғын үй қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру туралы тапсырмасын іске асыруда. Осыған байланысты холдингтің еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ Қазақстандық ипотекалық компанияға қосылу жолымен таратылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін оған Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын қосу жоспарлануда. Бірыңғай оператор өз жұмысын 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастайды. Ол үш ұйымның функцияларын орындай отырып, тек қана жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Даму Банкі және KazakhExport экспорттаушыларға қолдау көрсетеді, ал QazTech Ventures қорлардың қоры ретінде, венчурлық қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі.
Сізді қызықтыратын мәселелер бойынша толығырақ ақпарат алу үшін сәйкес еншілес ұйымның ресми интернет-ресурсын қолдануды ұсынамыз.