Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

Әділ және адал сатып алулар
"Бәйтерек" холдингі сатып алуларды әділ және адал етуге ұмтылады

Сатып алу ережелері

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ сатып алуды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) басшылыққа алады.

1. Сатып алу жоспары

Сатып алу жоспар(лар)ын тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің өзге уәкілетті адамы және (немесе) алқалы органы тиісті бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) бекіту (нақтылау) жөніндегі алқалы органның отырысы хаттамасының үзінді-көшірмесін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).

2. Сатып алуды жүзеге асыру

Құрметті әлеуетті өнім берушілер!

Сіздердің назарларыңызға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды Еуразиялық электрондық сатып алу порталында, мына мекен-жай бойынша www.eep.mitwork.kz жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

Мүдделі әлеуетті өнім берушілер сатып алу порталында тіркеле алады және өткізілетін сатып алуға қатыса алады.

Сұрақтар бойынша +7-7172-91-91-48 (46) телефоны арқылы хабарласуға болады.

3. Шарт жасасу

Сатып алу қағидаларының талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша шарттар сатып алу порталы арқылы әлеуетті өнім берушімен жасалады.

Сатып алу веб-порталы арқылы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Қағидалардың 287-тармағының 1), 3), 5), 6), 13), 14), 16), 23), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды, сондай-ақ шарттың жобасы қағаз тасығышта жіберілетін бейрезидентпен шарт жасасу жағдайларына қолданылмайды.

Сатып алу қорытындыларына шағымдану

Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының сатып алуды жүргізу ережелерінің бұзылуына тап болған әлеуетті өнім берушілері, Тапсырыс берушінің іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 16-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сатып алуды бақылау жөніндегі Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке (СБОҚ) шағымдануға құқылы.

Белгіленген мерзімдерде шағым берілген кезде бақылау және алдын алу орталығы сатып алу туралы шарт жасасуды шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұратынын атап өткен жөн. Шағымда көрсетілген фактілер расталғаннан кейін  СБОҚ сатып алу нәтижелерінің күші жойылғанға дейін Заңда белгіленген тиісті шаралар қабылданатын болады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ немесе оның сатып алуды жүзеге асыратын еншілес ұйымдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым СБОҚ-да электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы берілуі мүмкін. Сондай-ақ шағымды мына мекенжай бойынша беруге болады: Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 А-ғимараты.

ХОЛДИНГТІҢ
өнім берушілермен жұмысы

«Бәйтерек» Холдингінің 2023 жылы өнім берушілермен жұмысы

  • 193жасалған шарттар
  • 133жұмылдырылған жеткізушілер
  • 1.6 млрд тгШарттардың жалпы сомасы
Еншілес компанияларының
сатып алуы

Еншілес компанияларының сатып алуы

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ

https://kcm-kazyna.kz/kz/purchase/zakupki/

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

https://hcsbk.kz/purchase/activezakupki/

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

https://www.damu.kz/kz/zakupki/zakupki/

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

https://www.agrocredit.kz/main/our-activities/purchase/zakupki/

«Bereke Bank» АҚ

zakupki/

«Қазақстан Даму Банкі АҚ

zakupki/

«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ

https://khc.kz/kk/procurementzakupki/

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ

https://kazakhexport.kz/kz/news/plan-zakupokzakupki/

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

https://www.kdb.kz/kz/purchases/annual-procurement-plan/zakupki/

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар