Холдинг құрамында 9 еншілес ұйым жұмыс істейді, олардың әрқайсысы ел экономикасында өз рөлін атқарады.
Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы»АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС және Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру және жобаларды, оның ішінде МЖӘ тетігі бойынша іске асырылатын жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша консультациялық қолдау сияқты қолдау құралдарын ұсынады
Шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты Екінші деңгейдегі банктерде шартты орналастыру.
Қазақстанның Даму Банкі мен KazakhExport шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдайды, ал QazTech Ventures қорлар қоры ретінде венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ)және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ қаржыландыруды, ипотекалық кредиттеуді, субсидияларды және тұрғын үйді жалдауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға шоғырланған.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Мемлекет басшысы-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 11 мамырда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан тапсырмасына сәйкес «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып қайта аталды.
Банк тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін іске асыруды жалғастыруда және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары операторының өз функцияларын өзгертпейді. Сондай-ақ 2021 жылы «Отбасы банк» АҚ тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ базасында Холдингтің еншілес ұйымдары – «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ қосу жолымен тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылды. Ол үш ұйымның функцияларын орындай отырып, тек қана жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейтін болады.