«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Компания тікелей кредит беру арқылы АӨК субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырады, сондай-ақ кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар, екінші деңгейдегі банктер және лизингтік компаниялар арқылы көбінесе шағын және орта бизнесті қаржыландырады немесе бірлесе қаржыландырады.  

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 19 филиалы бар.

Компанияның миссиясы:

АНК миссиясы – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға жәрдемдесу.

Мақсаты:

  1. Қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру

    • АӨК субъектілерін қаржылық қызметтермен қамтуды ұлғайту;
    • Қаржыландыру құралдарын, оның ішінде цифрлық шешімдерді қолдана отырып дамыту;
    • АӨК-тегі қаржы институттарының институционалдық тұрғыдан дамуына ықпал ету.
  2. Бәсекеге қабілетті бизнесті дамытуға жәрдемдесу

    • АӨК-тегі басым бағыттарды қолдау;
    • АӨК-ті технологиялық жаңартуға жәрдемдесу;
  3. Қызметтің тиімділігін арттыру

    • Операциялық қызметті жетілдіру;
    • Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
    • Корпоративтік басқарудың сапасы мен ашықтығын арттыру.

2021 жылғы желтоқсанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ны қосу шеңберінде оған АӨК сақтандыру саласындағы оператор, микробизнеске кредит беру функциялары берілді.



https://agrocredit.kz/

«Қазагроқаржы» АҚ

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Холдинг 2022 жылғы 25 шілдеде «ҚазАгроҚаржы» АҚ акцияларының 100%-ын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға берді.

Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін компания ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке сатып алу бойынша қызметтер көрсетеді.

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 15 филиалы бар.

Компанияның миссиясы:

Сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызметтер көрсету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу.

Мақсаты:

  1. Ауыл шаруашылығын техникалық жарақтандыру және оның экспорттық әлеуетін арттыру

    • Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша инвестициялар көлемін ұлғайту;
    • АӨК саласындағы экспорттық әлеуетті және еңбек өнімділігін жақсартуға жәрдемдесу;
    • Лизингтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділік деңгейін арттыру.
  2. Қызметтің рентабельділігін арттыру

    • Меншікті капитал мен активтерді басқару тиімділігін арттыру;
    • Несие портфелінің сапасын арттыру және қаржыландырылған жобаларды мониторингілеу жүйесін жетілдіру.
  3. Корпоративтік даму

    • Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және қызметтің ашықтығын арттыру;
    • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру я;
    • Тұрақты даму қағидаттарын енгізу.

https://www.kaf.kz/

Соңғы
жаңалықтар
01.08.2023
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ: қолжетімді кредиттер, бизнесті қолдау және АӨК дамыту

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында АӨК қаржыландыру қорытындысы бойынша сұхбат берді.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар