Мамин Асқар Ұзақбайұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
«Бәйтерек» холдингі
Жалғыз акционері болып табылатын және оның басқаруына қатысатын Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз жұмыс істейді.
Холдингтің инвесторлары мен серіктестері олар ұлттық басымдықтар мен саясатқа сай келетін жобаларды қаржыландыратындығына сенімді бола алады.
«Бәйтерек» холдингі тиімді белгіленген ынтымақтастықты пайдалана отырып, инвесторлар мен Үкімет арасындағы қарым-қатынасты оңтайландырады.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» холдингі, Холдинг) – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
"Бәйтерек" холдингі – 9 еншілес ұйымды қамтитын интеграцияланған даму институты: Холдингтің 100 пайыз қатысуымен 8 акционерлік қоғам ("Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Отбасы банк" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ, "QazTechVentures" АҚ, "Қазақстандық Ипотекалық компания" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Kazakh Export" АҚ, "Қазына капитал менеджмент" АҚ) және 97 пайыз қатысуымен бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік ("Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС), 3-деңгейдегі 4 ұйым: "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ, "Baiterek Venture Fund" АҚ және "BV Management" ЖШС.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ негізінде «Холдингтің» еншілес ұйымдары - «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ біріктіру арқылы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылды. Ол үш ұйымның функцияларын орындай отырып, тек қана жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейтін болады.
Сонымен бірге, Холдинг компанияның капиталына тікелей инвестициялау құралы аясында 48 компанияда әр түрлі меншік мүдделеріне ие.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру және «2050 – Стратегиясында» қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ҚР тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Ұлт Жоспары - «100 нақты қадам»
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Холдинг құрамында 9 еншілес ұйым жұмыс істейді, олардың әрқайсысы ел экономикасында өз рөлін атқарады.
Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы»АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС және Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру және жобаларды, оның ішінде МЖӘ тетігі бойынша іске асырылатын жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша консультациялық қолдау сияқты қолдау құралдарын ұсынады
Шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты Екінші деңгейдегі банктерде шартты орналастыру.
Қазақстанның Даму Банкі мен KazakhExport шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдайды, ал QazTech Ventures қорлар қоры ретінде венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ)және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ қаржыландыруды, ипотекалық кредиттеуді, субсидияларды және тұрғын үйді жалдауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға шоғырланған.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Мемлекет басшысы-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 11 мамырда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан тапсырмасына сәйкес «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып қайта аталды.
Банк тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін іске асыруды жалғастыруда және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары операторының өз функцияларын өзгертпейді. Сондай-ақ 2021 жылы «Отбасы банк» АҚ тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ базасында Холдингтің еншілес ұйымдары – «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ қосу жолымен тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылды. Ол үш ұйымның функцияларын орындай отырып, тек қана жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейтін болады.