Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабынды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

Лайықты үміткердің портреті

Біз қызметкерлерімізді бағалаймыз және ішкі ресурстарды дамытуға барлық талпыныстарды жасаймыз, сондықтан сыртқы үміткерлерді іздестіру туралы хабарландырулар ішкі үміткерлер, оның ішінде Бірыңғай кадрлық резервте болмаған жағдайда, орналастырылады. Сыртқы үміткерлердің арасында біз "Бәйтерек" холдингінің ұжымдық мәдениетіне өмірлік ұстанымы, көзқарастары мен қағидаттары сәйкес келетіндерді іздейміз. Сәйкестікті алдын ала анықтау үшін Холдингтің Іскерлік этика кодексімен келесі сілтеме бойынша танысуға кеңес береміз: Іскерлік этика кодексі.pdf

Сондай-ақ бізге келесі дамыған жеке-іскерлік құзыреттері бар үміткерлер қажет:

  • Коммуникация және көшбасшылық
  • Талдап ойлау және шешім қабылдау
  • Жұмыс процестеріне әсер ету
  • Жұмысты ұйымдастыра білу
  • Өзгере білу қабілеті
  • Топпен жұмыс істей білу
  • Жауапкершілік
  • Даму

Сондай-ақ келесі нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу білімі мен ептілігі:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;

Сіз түйіндемені қандай құрылымдық бөлімшеге беретініңізге байланысты, Сізді жоғарыда аталғандарға қосымша нормативтік-құқықтық құжаттар мен кейбір теориялық пәндердің негіздерін білуіңізді тексереді. Тесттік бағыттардың матрицасымен толығырақ танысу үшін матрицаны жүктеуді (17.31 Кб) ұсынамыз.

Сонымен қатар, Сіз міндетті түрде логикаға тестілеуден өтесіз. Сілтеме бойынша тест сұрақтарының демо-нұсқасын зерттеуге болады - сынақ сұрақтарын жүктеңіз (16.39 Кб).



«Бәйтерек» холдингіндегі бос орындар

Холдингтің бос орындары

Егер Холдингте жұмыс істеу үшін лайықты үміткердің портретін зерделеп, Сіз "Бәйтерек" холдингі командасының бір бөлігі болғыңыз келсе, онда біз Сізге Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының бос орындары туралы хабарлама алу үшін @JobsatBaiterek телеграм-арнасына жазылуды ұсынамыз. Бос орындар туралы хабарландырулар Холдингтің сайтында да жарияланады.

Бос орындар тізімі

Бос орынға орналасу үшін дағдылар мен білімді тексеру процесі қалай өтеді?

  1. Түйіндемені бағалау

    Веб-сайтта бос орын жарияланғаннан кейін 5 күннен соң, Холдинг түйіндемеде көрсетілген деректерге сәйкес үміткерлерге алдын ала бағалауды жүргізеді.

  2. Тестілеу арқылы бағалау

    Егер Сіз түйіндемені бағалау кезеңінен өткен болсаңыз, Сізді кәсіби білімді бағалау (заңнама және салалық пәндердің негіздері), логика және сандық талдау үшін тестілеуге, сондай-ақ HR-командасының өкілдерімен құзыреттілік бойынша сұхбатқа шақырады.

  3. Болашақ жетекшімен кездесу

    Тестілеу және құзыреттілік бойынша сұхбат қорытындылары бойынша оң нәтиже болған жағдайда, Сізді конкурс өткізілетін құрылымдық бөлімшенің тікелей және/немесе жетекшілік ететін басшыларымен кездесуге шақырады.

    Осындай кездесудің қорытындысы бойынша Сіздің өтініміңізге қатысты Сізбен ынтымақтастық туралы шешім қабылданады.

    Қарау мәртебесі келесі платформадағы Сіздің өтініміңіздің карточкасында көрсетіледі http://digital.baiterek.gov.kz/.

"Бәйтерек" холдингісінің кәсіпқойлар командасындағы жұмыс дегеніміз - бұл:

  • Өз саласының өршіл кәсіпқойларының талаптарына жауап беретін құрылымы жағынан күрделі және қызықты міндеттер.
  • Өңірде экономикалық өсу деңгейін арттыруға бағытталған инновациялық жобалар;
  • Өз қызметі кәсіпқойларының жоғары бәсекеге қабілетті ортасы;
  • Сіздің кәсіби және жеке әлеуетіңізді тұрақты дамыту және оқыту;
  • Сіздің кураторларыңыз бен тәлімгерлеріңіз болатын жоғары кәсіби басқарушы құрамы;
  • Бизнес-таңғы ас, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, құзыреттілік орталықтары және т. б. сияқты форматта әріптестерімен тұрақты кездесулер;
  • Ақырында, әділ және таза еңбек ақы және бонустық құрылым.

Көптеген сұрақтардың жауабын біздің @JobsatBaiterek_bot телеграм ботымыз арқылы алуға болады. Егер Сізде "Бәйтерек" холдингіне персоналды жалдау және іріктеу үдерісі бойынша әлі де сұрақтарыңыз қалса: + 7 (7172) 91-91-93 номеріне хабарласыңыз.

 

Студенттер мен түлектер

"Бәйтерек" холдингі қажетті жұмыс тәжірибесін алу және теориялық білімдерін тексеру үшін Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерімен жұмыс істейді. Біз студенттерге келесілерді ұсынамыз:

  • Мемлекеттік ауқымдағы ірі, күрделі жобаларға қатысу
  • Кәсіби құнды практикалық дағдылар
  • Жеке қасиеттерін дамыту
  • Жоғары кәсіби командамен ынтымақтастық
  • Стандартты емес міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасты мадақтау

Холдингте тәжірибеден/тағылымдамадан өту үшін өтінімді hrd@baiterek.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауға болады.

"Бәйтерек" холдингінде тәжірибеден өту кестесі»

Жұмыспен қамту
статистикасы

«Бәйтерек» холдингінің жұмыспен қамту статистикасы

  • 119Холдингте қызметкер
  • 80% артықҚызметкерлерді тартудың біріктірілген деңгейі
  • жалпы санының 20%-нан астамы "Болашақ" халықаралық бағдарламасының стипендиаттары
  • 36 жас Қызметкерлердің орташа жасы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта