Қолдану ережелері

Құрметті қолданушылар!

Осы сервистің көмегімен Сіз Холдингтің қызмет саласы бойынша өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақ қою үшін аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, электронды поштаңызды көрсетіңіз, кейін сұрағыңызды жазыңыз. Сұрағыңызды жібермес бұрын деректеріңіздің дұрыстығын тексеріңіз. Модератор тексергеннен кейін сұрағыңыз қарауға қабылданады, сұрақтың жауабы «Сұрақ-жауап» бөлімінде жарияланады. Бұл ретте, Сіз көрсеткен e-mail-ге жауаптың берілгендігі туралы хабарлама келіп түседі.

Сұрақтарға жауап алуды жылдамдату үшін, сұрақты нақты және түсінікті баяндауыңызды өтінеміз. Сұрақты жібермес бұрын, сайттағы материалдарды қарап көргеніңіз жөн, себебі Сіздің сұрағыңызға жауап сол жердеболуы мүмкін.

Сұрақты жібере отырып, Сіз «Сұрақ қою» қызметін пайдалану шарттарын қабылдайсыз және Сіз көрсеткен барлық ақпараттың дұрыстығын растайсыз, жауапты қалыптастыру кезінде жеке деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ Сіздің жеке деректеріңіз (ТАӘ) бен сұрағыңыз, ондағы барлық ақпаратпен қоса, сайтта көпшілікке қолжетімді болатындығына келісім білдіресіз.

Сіздің сұрағыңыз этикалық және орфографиялық нормаларға сәйкес модерацияға ұшырауы мүмкін.

Әдепсіз сөздер бар, мәтіні оқылмайтын, қысқартулары түсініксіз, сұрақ авторының деректері қате, құпия ақпараты бар сұрақтар, сондай-ақ Холдингтің құзыретіне кірмейтін мәселелер қарастырылмайды.

Сұрақтар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ Заңына сәйкес қаралады.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар