Тұрғын үй инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру
«Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ тұрғын үй инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыруды мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаларымен халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту есебінен, халықаралық қаржы ұйымының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру
«Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу, екінші деңгейдегі банктер арқылы шартталған қаржыландыру және тікелей қаржыландыру механизмдері арқылы әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында қаржыландыру ұсынады.
Әлеуметтік бағыттағы жобаларға білім беру, әлеуметтік-мәдени тұрмыс, денсаулық сақтау, басқа урбанистік объектілер, сауықтыру және рекреация объектілерін, сондай-ақ, қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымының басқа объектілерін салуға байланысты жобалар жатады.
Әлеуметті бағыттағы жобаларды қаржыландыру Қоғам теңгерімінен жылжымайтын мүлік объектілерін кепілдендірілген сатып алу шартымен, оның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаларымен жүзеге асырылады.