Корпоративтік басқару принциптері

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ корпоративтік басқаруды Холдинг және оның еншілес ұйымдары қызметінің тиімділігін арттырудың, транспаренттілік пен есеп берушілікті қамтамасыз етудің, оның беделін нығайтудың және капиталды тартуға арналған шығындарды азайтудың негізгі құралы ретінде қарастырады. Холдинг корпоративтік басқарудың тиісті тәжірибесін іске асыру арқылы Қазақстан Республикасындағы заңнаманың үстемдігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылады.

Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Холдинг қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейді және Холдингтің табысты қызметіне ықпал етеді. Холдингтің корпоративтік басқару жүйесі Холдинг органдары, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты ажыратуды көздейді.

Холдингтің корпоративтік басқаруының негізгі қағидаттары:

  • өкілеттілікті шектеу принципі;
  • Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
  • Холдингтің Директорлар кеңесі мен Басқарманы тиімді басқару қағидаты;
  • тұрақты даму принципі;
  • тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және ішкі аудит принципі;
  • корпоративтік қайшылықтар мен мүдделер қайшылығын реттеу принципі;
  • холдинг қызметі туралы ақпаратты ашудың жариялылығы мен әділеттілігі қағидаттары.

Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінің қабылдануына байланысты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығы), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 681 бұйрығымен Холдингтің корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Холдингтің корпоративтік басқару кодексі.pdf

Холдингтің еншілес ұйымдарында ішкі аудит қызметтері екі жылда бір рет корпоративтік басқару жүйесін бағалауды, корпоративтік басқару құрылымы, мүдделер қайшылығын реттеу, директорлар кеңестері жұмысының тиімділігі процестері, тәуекелдерді басқару жүйесі, ішкі аудит, ашықтық бойынша халықаралық тәжірибелерде көзделген іс-шараларды қамтитын корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын кейіннен бекітумен және мониторингілей отырып жүзеге асырады.

Корпоративтік басқарудың озық тәжірибесіне сәйкес Холдинг жыл сайын корпоративтік басқару қағидаттарына сүйену туралы есеп дайындайды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2019 жылғы Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы есеп

Корпоративтік хатшы

Корпоративтік хатшы Холдингтің Директорлар кеңесінің не Басқармасының мүшесі болып табылмайтын, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Директорлар кеңесі тағайындайтын және Холдингтің Директорлар кеңесіне есеп беретін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызметкері болып табылады.

Корпоративтік хатшының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Холдинг Жарғысымен, Холдингтің Корпоративтік хатшысы туралы ережемен және Холдингтің өзге ішкі құжаттарымен айқындалады.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ережеге сәйкес Холдингтің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік хатшысының міндеттері Холдингтің қызметкері болып табылмайтын және еңбек қатынастары таралмайтын және сыйақы төленбейтін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктелуі мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Холдингті басқаруға қатыспайды.

Корпоративтік хатшыға жүктелген функцияларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету Холдингтің Корпоративтік хатшысы қызметінің негізгі міндеті болып табылады. Қызметті Корпоративтік хатшының орынбасары-Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы Майра Дүйсенбайқызы Тұрғанова басқарады. Корпоративтік хатшы қызметі Холдингтің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей Корпоративтік хатшыға бағынады.

Корпоративтік хатшының негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Холдингтің органдары мен лауазымды тұлғаларының Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға және қорғауға кепілдік беретін корпоративтік басқару қағидалары мен рәсімдерін сақтауын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының және Холдингтің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесінің шешімдерін дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;
  • Холдинг туралы қажетті ақпаратты сақтауды, ашуды және ұсынуды қамтамасыз ету;
  • Холдинг органдары арасындағы нақты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Холдингтің Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 03/19 шешімімен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік хатшысының міндетін атқарушы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев тағайындалды.

Сыртқы аудит

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржылық есептілігінің сыртқы аудиторы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Ішкі аудит

Ішкі аудиттің міндеті тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізулер, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы ұйымдастыру құнын сақтап қалу және арттыру болып табылады.

Ішкі аудиттің тәуелсіздігін және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің тікелей басқаруындағы орган болып табылады және соның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексінің, ІАҚ туралы Қағиданың және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудитті ұйымдастыру ережелері нормаларының талаптарына сәйкес – ІАҚ өз қызметін атқару кезінде ішкі аудиттің міндеті мен оны анықтау, ішкі аудиттің кәсіби практикасының негізгі принциптері, этика кодексі және Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары (ІАХКС), сондай-ақ ІАХКС қолдану жөніндегі нұсқаулық және ішкі аудитті жүзеге асыру бойынша ғаламдық Ішкі аудит институтының тәжірибелік нұсқаулары құрамдас элементтері болып табылатын Ішкі аудиттің кәсіби практикасының халықаралық негіздерін басшылыққа алады.

ІАҚ қызметінің алғашқы бес жылының 2013-2017 жылдар аралығындағы қорытындылары бойынша оның қызметіне тәуелсіз сыртқы тексеру жүргізілді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметінің халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкестігін 2018 жылы «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС сыртқы тәуелсіз бағалаушысы растады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінде тәуекел-маңызды салаларда жүргізілетін аудиттарға және консультациялық қызметтермен қоса ІАҚ қолданылатын халықаралық корпоративтік стандарттарды ескере отырып, заңнама нормаларына, ішкі тәсілдемелерге сәйкес мерзімді түрде ішкі бақылау, ақпараттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы күрес, Холдингтің тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне кешенді бағалаулар жүргізіп отырады.

Тәуекелді басқару

Тәуекелді басқару, Холдингтің барлық айтарлықтай тәуекелін анықтауға, бағалауға және мониторингілеуге, сонымен қатар тәуекел деңгейін төмендетуге байланысты шара қабылдауға бағытталған, Холдинг қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Холдинг тәуекелін басқару жүйесі үш деңгейлі иерархия тәрізді ұсынылған:

  1. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін толық жауап береді, Холдинг қызметінің мақсаттарын белгілейді және тәуекелдерді басқарумен байланысты құжаттарды бекітеді.
  2. Басқарма тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйелерін құру, «тәуекелдер туралы хабардар болу» мәдениеті және тәуекелдерді басқару философиясы үшін жауап береді.
  3. Тәуекелдерді басқару департаменті нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылау, қаржылық және қаржылық емес тәуекелдер бойынша ортақ қағидалар мен әдістерді енгізуді бақылауды жүзеге асырады.

Тәуекелдерді басқару туралы толығырақ

Комплеанс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл

1. Комплеанс-тәуекелді басқару

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Комплаенс қызметі корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады және комплаенс-тәуекелді – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтамауы салдарынан шығындар (материалдық және беделдік) туындауының тәуекелін басқаруға жауап береді.

Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, мүдделер дауын болдырмау, Іскерлік әдебі кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекет фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарастыру Комплаенс қызметтің негізгі функциялары болып табылады.

 

2. Жемқорлыққа қарсы саясат

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан республикасы Үкіметінің негізгі қаржы агенті бола отырып, жемқорлықтың алдын алу, ескерту және анықтау бойынша бақылау функцияларын енгізу, сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да жемқорлықты оның кез-келген түрінде қатаң қабылдамау ортасын құру арқылы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Осы мақсатта «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар кешенін, сондай-ақ, еңбек міндеттерін орындау кезінде адалдық пен шындық қағидаларының сақталуын қамтамасыз ететін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруды қамтитын Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саясаты қабылданған.

 

Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы ақпарат келесі сілтемелер бойынша табылуы мүмкін: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk и https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=kk

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама.docx

 

3. Іскерлік этика кодексі

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері басшылыққа алатын корпоративтік (іскерлік) этиканың негізгі құндылықтары мен қағидаларын белгілейтін ережелер жинағын қарастыратын Іскерлік этика кодексі қабылданды.

Іскерлік этика кодексі


Корпоративтік
іс-шаралар
22.10.2020
"Бәйтерек" холдингі Жұмыспен қамту Жол картасын қаржыландыру үшін кезекті облигациялық қарыз тартты

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 21 қазанда "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес құрылымынан жалпы көлемі 200 млрд теңге болатын облигациялық қарызды тартты.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта