Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

23.11.2020

«Мемлекеттік тілде құжаттарды дайындауда терминдердің қолданылуы» тақырыбына әдістемелік онлайн-семинар өтті

«Мемлекеттік тілде құжаттарды дайындауда терминдердің қолданылуы» тақырыбына әдістемелік онлайн-семинар өтті

Өткен аптада «Бәйтерек» холдингі ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және қазақ тілінің қолданылу деңгейін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тілде құжаттарды дайындауда терминдердің қолданылуы» тақырыбына әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Семинарға Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің өкілі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері Айгерім Қожахмет қатысты.

Айгерім Қожахмет қатысушыларға ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған терминдер, олардың ресми іс-қағаздарындағы қолданысы жайлы түсіндірді. Оған қоса, Тіл саясаты комитеті мен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жобалары, нақтырақ айтқанда құжатты сауатты ресімдеуде көмекші құрал болатын сайттар – «Qujat.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Termincom.kz» туралы сөз етті. Әсіресе, «Termincom.kz» сайтына егжей-тегжейлі тоқталып, туындаған сұрақтардың жауабын берді.

Сонымен қатар, шара барысында Холдинг өзінің және еншілес ұйымдарының қызметкерлері үшін, қазақ тіліндегі терминдердің қолданылуын біріздендіру мақсатында әзірлеген «Ресми құжаттардың мемлекеттік тілде ресімделуі» атты көмекші құрал, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің орысша-қазақша сөздігі қатысушыларға таныстырылды.

Өткізілген әдістемелік семинар Холдинг құрылымдары арасында терминология және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселесі бойынша өзара диалог орнатуға ықпал етті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар