Аудит жөніндегі комитет

Холдингтің Директорлар кеңесінің аудит бойынша комитеті (бұдан әрі-Комитет) Холдингтің қаржы-шаруашылық қызметіне (оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығына) тиісті бақылауды жүзеге асыру, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігіне мониторинг жүргізу, Холдингтің корпоративтік басқару кодексінің қағидалары мен ережелерінің сақталуын орындау, сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін, Холдингтің Ішкі аудит қызметі және Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметінде тағайындау, сыйақы беру және қызметін бағалау жүйесін бақылау, Холдинг Омбудсмені қызметінің нәтижелерін қарастыруды іске асыру бөлігінде Директорлар кеңесіне ұсыныстарды дайындау мақсатында 2013 жылғы 25 қыркүйекте құрылды.

Комитет құрамы:

  • Томас Миров – Комитет Төрағасы, тәуелсіз директор;
  • Клаус Мангольд – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор.

Аудит жөніндегі комитет туралы ереже(Жүктеу)

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет

Холдингтің Директорлар кеңесінің кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелері бойынша комитеті (бұдан әрі–Комитет) Директорлар кеңесінің кадрлар саясаты, Холдинг Басқармасы мүшелерін тағайындау, сыйақы беру және қызметін бағалау жүйесі, Холдинг Омбудсмені қызметінің нәтижелерін қарау саласындағы құзыретіне жататын мәселелерді терең пысықтау және мониторингілеу арқылы Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2013 жылғы 25 қыркүйекте құрылды.

Комитет құрамы:

  • Клаус Мангольд – Комитет Төрағасы, тәуелсіз директор;
  • Филип Йео – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Томас Миров – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор.

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет туралы ереже (Жүктеу)

 

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет

Холдингтің Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Директорлар кеңесіне орта және ұзақ мерзімді келешекте Холдинг қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу жөніндегі мәселелерді қоса алғанда, Холдинг қызметінің (дамуының) басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттарын (даму стратегиясын) әзірлеу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында 2013 жылғы 25 қыркүйекте құрылды.

Комитет құрамы:

  • Филип Йео – Комитет Төрағасы, тәуелсіз директор;
  • Томас Миров – Комитет мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы – Комитет мүшесі, Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Айдар Әріпханов – Комитет мүшесі, Директорлар кеңесінің мүшесі.

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет туралы ереже(Жүктеу)

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта