06.04.2022 Шынар

Саламатсызба. Мен мүгедек бала бағушы анамын. Маған акимат нұрлы жер бағдарламасымен үй беріп отыр. Бірақ ол 1 бөлме, оған біз барып тұра алмаймыз. Себебі басқа балдарым ,жолдасым бар. Не жалдап қоюғада келіспейді. Енді мен Отбасы банк арқылы осы беріп отырған пәтерді с выкупом деп кредитке алсам болама. Аз мөлшердегі процентпен. Алдын ала рахмет.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының 5.1.1-баптың 1-тармағына сәйкес, сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарлама бағыттарының бірі болып табылады және оны өңірлердің жергілікті атқарушы органдары іске асырады. Осыған байланысты, тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалдау «Отбасы банк» АҚ өнімдерінің тізбесіне кірмейді және Холдинггтің құзіретіне жатпайды.   Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша, 2022 жылғы 13 сәуірде «Отбасы банк» АҚ қызметкері Сізбен телефон қоңырауын жүргізіп, Сізді қызықтыратын мәселелер бойынша егежейлі – тегежейлі түсініктемелер бергендігін қосымша хабарлаймыз.

05.04.2022 Райхан Сламбекова

Сіздердің банк арқылы сатып алу құқығымен пәтер жалдап тұрып жатырмын. Сол пәтерді өз атыма аудару үшін қанша ақша құюым қажет?

Құрметті Райхан!

«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ ұсынған ақпараты бойынша, Сіздің мәселеңіз бүгінгі күні реттелген.


05.04.2022 Токеева Макпал Ерланкызы

Сіздердің программа бойынша дипломмен ауылға 15 жылға үй алып едім, 10 жыл болады төлеп келе жатырмын. Қанша қалды төлеуге соны қалай білемін?

Құрметті Мақпал!

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асырды. Өткен жылы қор Аграрлық несие корпорациясымен біріктірілді. Қазір бағдарламаның операторы – Аграрлық несие корпорациясы. 5115 телефоны бойынша компанияның байланыс орталығына хабарласуңызды сұраймыз.

 


31.03.2022 Жарылқасын Сүгірбай

Жасым 26да. Осы кезге дейін кірпіш өндіру саласында қызмет жасап келдім. Елімізде көптеген жеке  кірпіш заводттарында жұмыс жасадым. Өзбек, тәжік азаматтары келіп жасайды. Ұсынысым осы жылға дейін жинаған тәжірбием мол. Өндіріс орның ашуға Сіздерде қаржыландыру бар ма?

Құрметті Сүгірбай!

Ірі бизнес субъектілерін қолдау шеңберінде Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық жобаларды 7 млрд теңгеден бастап 20 жылға дейінгі мерзімге орташа және ұзақ мерзімді кредиттеу қызметтерін ұсынады. Бұл ретте, жобаға өтініш берушінің өзінің қатысу мөлшері инвестициялық жоба құнының кемінде 20% - ын құрауы тиіс.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта бизнес кәсіпорындарына сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және екінші деңгейдегі банктерде қаражатты шартты түрде орналастыру жолымен қаржыландыру түріндегі қолдау құралдарын ұсынады.

Кепілдік беру құралы кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды болжайды.

Субсидиялау құралы кәсіпкерлердің кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын қоса алғанда, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

Шарттарға сәйкес, кәсіпкер жобаны қаржыландыру және қайта қаржыландыру туралы мәселе бойынша екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) жүгінеді. ЕДБ кредит беру/кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім қабылдаған кезде кәсіпкер субсидиялау және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі туралы шешім қабылданатын нысан бойынша бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен «Даму» қорына жүгінеді.

Қолдау құралдары бойынша толық ақпаратты Сіз өз қалаңыздың филиалынан, +7 (727) 244 55 66 бірыңғай нөмірінен немесе ресми сайттан https://damu.kz/ ала аласыз.

 


31.03.2022 Битемиров Еркин Сайлауович

Мен шымкент қаласында көп қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтеріме жапсарлас кәсіпкерлік кеңсе қонақ үй асханасымен салуға жаспарланған жобаны мемлекеттің қолдауымен жеңілдетілген қаржы алуға болама.

Құрметті Еркін!

Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» қоры) 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кредиттерге ішінара кепілдік беру түрінде кәсіпкерлікті қолдауды көздейді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша негізгі шарттар:

·          қарыздың ең жоғары мөлшері - бір қарыз алушыға 20,0 млн. теңгеге дейін;

·          инвестицияларға субсидиялау мерзімі - 3 жылға дейін;

·          айналым қаражатын толықтыруға - 2 жылға дейін;

·          кәсіпкер үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі – 6%, (кредит бойынша номиналды мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі +5%, оның ішінде қарыз алушы 6% төлейді, ал айырмасын мемлекет төлейді), моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады ҚР Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен және 7 пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 5%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

·          нысаналы мақсаты - инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру;

·          салалық шектеулерсіз (ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, сондай-ақ сауда саласында (тамақ өнімдерін сатуға жол беріледі).

Бағдарлама шарттары бойынша кепілдікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қорына қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдік беру көзделген.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша негізгі шарттар:

·          экономиканың басым секторларында өз және тиімді жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері екінші бағыттың қатысушылары болып табылады

·          қарыздың ең жоғары мөлшері – облыс орталығындағы бір қарыз алушыға 3,0 млрд. теңгеге дейін;

·          шағын және моноқалалар, ауылдық елді мекендер үшін 1,5 млрд. теңгеге дейін;

·          * субсидиялау мерзімі – 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға - 3 жылға дейін;

·          * кәсіпкер үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі - 6%, (кредит бойынша номиналды мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі +5%, оның ішінде қарыз алушы 6% төлейді, ал айырмасын мемлекет төлейді).

Кепілдік берудің негізгі шарттары:

·          кредит сомасы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 1 млрд. теңгеден және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 360 млн. теңгеден аспайды;

·          кепілдік мөлшері – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85%-ға дейін, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін 50%-ға дейін;

·          сыйақының максималды мөлшерлемесі - кредит бойынша номиналды мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 5%;

·          кепілдік мерзімі - кредит мерзімінен аспайды;

·          нысаналы мақсаты - инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру. 

Бағдарлама шарттарына сәйкес, қонақүйлердің қызмет көрсетуі (ЭҚЖЖ: 55.10 «Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі») басым салалардың тізбесіне кіреді. Бұл ретте, жоба басым салалар тізбесіне кірмейтін бизнес-офис пен асхана құрылысын да көздейді.

Шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, Шымкент қаласындағы әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне «Мен кәсіпкер боламын» өңірлік бағдарламасы бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы қосымша хабарлаймыз.

Осы бағдарлама бойынша кредиттер беру салалар бойынша шектеусіз, 1%-бен (пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ескере отырып), бір қарыз алушыға қарыздың ең жоғары мөлшері 10,0 млн.теңгеге дейін жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған қолдау бағдарламалары бойынша толық ақпарат алу үшін өтініш беруші Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 95/1 мекенжайы бойынша «Даму» қорының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалына немесе мына телефондар арқылы хабарласа алады: +7 (7252) 99 70 52, +7 702 477 60 58.      

26.03.2022 Акбота

Салеметсиз бе мен коп баланы ала едим асыраушысы жок мен сиздерден комек сурагалы отырмын.

Құрметті Ақбота!

Холдингтің 2022 жылға арналған Қайырымдылық бағдарламасында жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсетуге қаражаттың болмауына байланысты Сіздің өтінішіңіз бойынша қаражат бөлу мүмкін емес.

25.03.2022 Айнур

Маған күйеуім пенсионный накаплениясынан уступка жасап жатыр счетқа түсті енді скан вариантпен документтерді жібердік жауабы қашан дайын болады.

Құрметті Айнұр!

Банк құжаттарды екі күн ішінде қарайды.

19.03.2022 Айдана Алипова

Кәсіпкерлік оқуды тқығым келеді. Құртппн айналысқым келеді. Сол жайлы сұрақтарым бар

Құрметті Айдана!

Сіздің ықыласыңызды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан «Бастау» жобасы арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жоба кәсіппен айналысамын деушілерді тегін оқытады. Жоба тренерлері бизнес жобаны жасауға көмектеседі. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін сіз өз бизнесіңізге грант ала аласыз. Толық ақпаратты ҰКП сайтында https://atameken.kz/kk/pages/832-o-proekte мекенжайы бойынша немесе 1432 байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге ​​болады.

 


18.03.2022 Кабылова Айман

Салеметсиз бе! Мени казирги уакытта Алматы каласында ипотекалык уйде турып жатырмын. Декреттемин. Уш балам бар, жолдасым бар. Жалдамалы жумыс жасайды. Ско кошуге болады, кай жерден сурап билуге болады?

Құрметті Айман!

Мұндай сұрақпен сіз әкімдікке немесе жұмыспен қамту орталығына хабарласа алатын шығарсыз. Сіздің өтінішіңізде айтылған мәселелерді шешу «Бәйтерек» холдингінің құзыретіне кірмейді.


15.03.2022 Жандос

Ассаламалеикум меным есымым Жандос менде залокка коярым жок .кредит алаиындесем малшаруашылыгына жолдары барма екен.

Құрметті Жандос!

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруды Холдингтің еншілес ұйымдары жүзеге асырады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - АНК) тікелей кредит беруді, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарын қорландыруды қоса алғанда, сатудың бірнеше арналарын пайдалана отырып, микрокредит беруді жүзеге асырады, бұл мемлекеттік қолдау шараларымен кәсіпкерлердің көп санын қамтуға мүмкіндік береді.

Жобаларды қаржыландыру клиент кепілмен қамтамасыз етуді ұсынған кезде жүзеге асырылады. Кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар АНК Кепіл саясатында көзделген.

Кредиттік өнімдер бойынша толық ақпарат АНК www.agrocredit.kz. корпоративтік сайтында орналастырылған.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші деңгейдегі банк және микроқаржы ұйымы (бұдан әрі - ЕДБ/МҚҰ) беретін кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені 6%-ға дейін арзандату (субсидиялау) және ЕДБ/МҚҰ-ның кредиті бойынша кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде 85%-ға дейін кепілдік беру түрінде қолдау шараларын ұсынады.

Бағдарламаға индустриялық-инновациялық салада өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкер/субъектілер қатыса алады.

Қордың кредитті субсидиялау және кепілдендіру туралы шешім қабылдауы ЕДБ/МҚҰ жобасын мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Кепілмен қамтамасыз етуді ұсыну бойынша шарттар ЕДБ/МҚҰ ішкі нормативтік құжатымен регламенттеледі.

Бағдарлама шеңберінде субсидиялар мен кепілдіктер беру шарттары тиісті қағидалармен реттеледі, олармен мына сілтемелер бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900001060 және https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012183#z7.

Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауға қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда өтініш беруші Қордың филиалына жүгіне алады немесе 1408 телефоны бойынша Call-орталыққа қоңырау шалып, консультация ала алады. Бұл ретте, Бағдарламаның шарттары өзгеруі мүмкін болғандықтан, Даму Қорының сайтындағы ақпараттың жаңартылуын қадағалау керек (https://damu.kz/programmi/).

Сұрақтар 21 - 30 / 94
Басы | Алдыңғы | 1 2 3 4 5 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар