22.09.2020

KDA финалистері 50 мың доллардан инвестиция алды

KDA финалистері 50 мың доллардан инвестиция алды

Бүгін Astana Hub – та "Бәйтерек" холдингі мен сингапурлық "Quest Ventures" қоры бастамашылық еткен әлемдік деңгейдегі акселерациялық бағдарлама - "Kazakhstan Digital Accelerator"(KDA) финалистерін марапаттау рәсімі өтті.

 

KDA ағымдағы жылдың шілде айында Холдингтің еншілес ұйымы - "QazTech Ventures" АҚ және "Quest Ventures"Қорымен іске қосылды. Бағдарламаға қатысуға қазақстандық және халықаралық стартаптардан барлығы 200-ге жуық өтінім келіп түсті.

 

Бағдарламаның финалистері - әрқайсысы 50 мың доллар көлемінде инвестиция алған стартаптардың негізін қалаушылар. Бұдан басқа, 4 ай ішінде KDA бірінші легінің қатысушылары көп жылдық тәжірибесі бар үздік халықаралық менторлар мен кәсіпқойлардан білім ала алады, консультациялар алады, сондай-ақ қосымша инвестициялар тарту үшін Оңтүстік-Шығыс Азия инвесторларына өз жобаларын ұсына алады.

 

- Біз стартаптарға мынадай талаптар қойдық: жұмыс істеп тұрған өнімнің немесе сервистің болуы, цифрлық экономика саласында қайталанатын және масштабталатын бизнес-модель болуы, ірі нарықтарға бағдарлануы. Біз әуел бастан-ақ қазақстандық стартаптар жаһандық бәсекеге түсіп, шет елдерге шығуы тиіс деп шештік. Біз оларды жоспарлы түрде осыған итермелейміз, - деп атап өтті "Бәйтерек" холдингінің Басқарушы директоры Әділ Нұрғожин.

 

Айта кету керек, жастар шын мәнінде пайдалы өнімдерді ұсынды, олар Қазақстанды шетел нарығында лайықты көрсете алады. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша KDA бірінші ағынына келесі салалардағы командалар қатысады: Edtech – 3 команда (Aero, Okoo, Qlang); Agrotech – 1 команда (Egistic); MedTech and Health Tech – 2 команда (Cerebra, 1fit); Consumer digital & retail – 3 команда (Campeat, Retail Analytica, ApartX); Payments – 1 жоба (Smart Gas).

 

- Мен Kazakhstan Digital Accelerator акселерация бағдарламасының бірінші легінің барлық қатысушыларын құттықтағым келеді. Біз олар алатын білім мен қаржылық қолдау стартаптарға бизнес-модель құрудың дұрыс бағытына шығуға көмектеседі деп үміттенеміз, - деп түсіндірді "QazTech Ventures" Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Диас Бексолтан.

 

Айта кету керек, ұйымдастырушылар KDA бағдарламасын жалғастыруға ниетті. Сингапурлық серіктес оған үш жыл ішінде екі миллион доллар инвестициялайды.

 

- Орта есеппен бізде 10 компаниядан тұратын бірнеше акселерация бағдарламасы болады деп есептейміз. Қазан айында біз келесі жылы өтетін екінші ағынды жариялаймыз. Бірақ таңдауды алдын-ала бастаймыз. Мен көптеген жаңа қызықты стартаптарды көреміз деп үміттенемін, - деп атап өтті Қазақстандағы Quest Ventures өкілі Әнуар Сейфуллин.

 

"Бәйтерек" холдингі өзінің стратегиялық мақсаттарының бірі – "QazTech Ventures"АҚ еншілес ұйымы арқылы технологиялық және венчурлік кәсіпкерлікті дамытуды табысты жүзеге асыруда. Бүгінде QazTech Ventures қор форматында жұмыс істейді. 2018 жылы холдинг венчурлік қаржыландыру туралы заң жобасына түзетулер қабылдаудың бастамашысы болды.

 

Осының арқасында ауқымды жұмыс атқарылды - Қазақстанға осы саланың алыптары тартылды. Қазір "Бәйтерек" холдингі бірлескен венчурлік қорлар құрып, оның ішінде қазақстандық стартаптарды ілгерілету үшін АҚШ пен Сингапурдың екі ірі инвестициялық венчурлік қорларымен жұмыс істейді.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар