Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

16.10.2020

Hyundai Алматыда өз автомобильдер өндірісін іске қосты

Hyundai Алматыда өз автомобильдер өндірісін іске қосты

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматыда Hyundai маркалы жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосты. Жобаны іске асыру "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) қолдауымен мүмкін болды. Зауыттың ашылуына Холдингтің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов қатысты.


Зауыт ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Оның құрылысына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд теңгеден асты, ҚДБ 15 жыл мерзімге 12,8 млрд теңге сомасында қарыз береді. Жобаны қаржыландыруға ҚДБ еншілес ұйымы - "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 7,4 млрд теңге мөлшерінде қатысады. Қажетті инвестициялардың қалған көлемін қарыз алушы - "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС ("Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны) қамтамасыз етеді.


ҚДБ кредит қаражаты есебінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру қамтамасыз етілді, оның шеңберінде кәсіпорын аумағында автомобиль құрастыру цехы, шанақты дәнекерлеу цехы, бояу цехы, пластикалық панельдерді бояу цехы, компоненттер қоймасы, әкімшілік және қосалқы үй-жайлар салынды.

Hyundai Trans Kazakhstan

Өндіріс Алматының индустриялық аймағында орналасқан. Кәсіпорынның қуаты бірінші кезеңде – жылына 30 мың автомобиль, екінші кезеңде – жылына 45 мың автомобильге дейін болмақ. Зауыт Оңтүстік Кореяның озық технологияларын қолдана отырып, жаңа жабдықтарда Hyundai брендінің барлық модельдік қатарындағы заманауи жеңіл автомобильдерді шығаруға қабілетті. Конвейерден Аccent, Elantra сияқты бюджеттік автомобильдер де, сондай - ақ Sonata бизнес-класс автомобильдері, Creta, Tucson, Santa Fe жол талғамайтын көліктері шығатын болады. Ұсақ түйіндік әдіспен жиналған алғашқы автомобильдер нарықта 2021 жылдың басында ұсынылады.

Hyundai Trans Kazakhstan

Қазір зауытта 350 адам жұмыс істейді. Толық жобалық қуаттылыққа шыққан кезде 700-ге жуық қазақстандық жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.


Қазақстандық автоөнеркәсіп шикізаттық емес секторды индустриялық дамытудың 12 басым бағыттарының қатарына кіреді және дәйекті мемлекеттік қолдау объектісі болып табылады. "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымының кредиттік қоржынында автомобиль жасау саласында бірқатар жобалар бар.


- Банктің автомобиль жасау жобалары саласында қажетті құзыреттері бар және біз сатып алушыларға қолжетімді бағамен сапалы авто сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа зауыттың әлеуетін жоғары бағалаймыз. Зауыттың өз өнімін ТМД елдеріне экспорттау қабілетін де атап өту қажет, бұл да еліміздің экспорттық әлеуетін дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.


Болашақта «Астана Моторс» автоқұрамдауыштар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша, компания отандық автоөнеркәсіпті дамыту бойынша жергіліктілендірудің 51% астамын қамтамасыз ету және ТМД елдеріне экспортқа шығу мақсаттарына кол жеткізбек.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар