16.07.2018

Digital Baiterek порталы арқылы онлайн-қызметтерді қалай алуға болады

Digital Baiterek порталы арқылы онлайн-қызметтерді қалай алуға болады

Zakon.kz жаңалықтар сайтында біздің холдингтің Digital Baiterek порталының цифрлық алаңы қызметтерін қазақстандықтардың және шетелдік инвесторлардың тәжірибе жүзінде қалай пайдалана алатыны туралы мақала орналастырылған. Бұл – пайдаланушыларымызға тұрғын үйге, инновациялық гранттарға, кәсіпкерлік кредиттерге және көмекқаржыға үйден немесе кеңседен шықпай өтінімдер ұсынуға мүмкіндік беретін бірегей электрондық құрал. Сіздердің назарыңызға жарияланған материалды ұсынамыз.

   «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарын цифрландырудың басты құралы - Digital Baiterek порталы болып табылады. Осы электрондық платформаның арқасында компания 21 қызметті автоматтандырды, ол холдингтің бүкіл сервисінің 70 пайыздан артық көлемін құрайды.

   Digital Baiterek негізгі ойы - «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайларындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет басшысының Жолдауында тапсырыс берілгендей, бизнесті «бір терезе» қағидасы бойынша қолдау кезінде кешенді тәсілдемені қамтамасыз етуде.

   Егер бұрын кәсіпкерлер, салымшылар, инвесторлар, грант алушылар, тұрғын үй сатып алушылары компанияға әрбір қызмет үшін жеке жүгінсе және ол үшін ірі қалаға шығуға мәжбүр болса, енді порталдың арқасында бұл қызметтер тіркелген орнынан тәуелсіз, әрбір тұлға үшін қолжетімді болды. Барлық ақпаратты, барлық қажетті өтінімдерді және құжаттарды енді үйден немесе кеңседен шықпай, онлайн режимінде алуға және ұсынуға болады.

   Сайт жұмысының негізіне синергетикалық нәтиже идеясы салынғанын атап кеткен жөн. Мысалы, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының соңында жаңа технология іске қосылады. Жүйе клиенттерге оның қызметінің бейініне сәйкес келетін қызметтерді ұсынатын болады. Ол кәсіпкерлерге дұрыс басқарушылық шешім қабылдауға септігін тигізетін кредиттеу, лизинг немесе инвестициялар сервистері болуы мүмкін.

   Digital Baiterek пайдаланудың сәтті мысалдарының бірі – 2018 жылдың 1 маусымынан бастап «Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдауды іске қосты (42 тұрғын үй). Өтінімдерді рәсімдеу шарасы келесідей.

Біріншіден, әлеуетті сатып алушы digital.baiterek.gov.kz порталына, содан кейін – «ЭКСПО аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу» кіруі қажет. Мұнда пайдаланушы «Өтінім беру» батырмасын пайдалана алады.

Екіншіден, ашылған терезеде тұрғын үй кешенін, пәтерді, бөлмелер санын, пәтер жоспарын және тұрақ орнын таңдауға болады.

Үшіншіден, «Байтерек девелопмент» АҚ Астанадағы ЭКСПО-2017 аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлік объектілерін сату ережелерімен және Өтінімдер ұсынудың электрондық жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысу қажет. Портал сондай-ақ клиент таңдаған тұрғын үй параметрлерін растауды сұрайды.

Төртіншіден, таңдалған объектілерді брондау және отыз минут ішінде өтінімді рәсімдеу қажет.

Бесіншіден, портал пайдаланушыдан тіркелуді немесе авторластыруды сұрайды – бұл үдеріс бар болғаны бірнеше минутты алады.

Алтыншыдан, тіркелуден өтуден кейін клиент өтінімді толтыру және қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса тіркеу мүмкіндігіне ие болады.

Жетіншіден, өтінім қарастыруға жіберіледі, жауап ұсынылған құжаттардың сапасы мен толық тізімінің болуына байланысты, барынша қысқа мерзімде беріледі.

 

ekspo

 

«Digital Baiterek порталында әлеуетті инвесторлар үшін өзге де маңызды қызмет қарастырылған. «Жобалар портфелі» бөлімі арқылы табысты инвестицияланып жатқан нақты инвестициялық жобалар портфолиосын қарауға болады. Аймақ және қызмет саласы   бойынша пайдаланушы іздеп отырған жобасын тауып алуына болады. Бұдан кейін бөлімде жан-жақты сипаттамасымен ішкі немесе шетелдік капитал инвестицияланатын өндірістік жобалардың толық тізімі пайда болады. Жаңа инвестициялық жобаны таңдай отырып, клиент порталдың бастапқы бетінде «Инвестор ретінде тіркелу» опциясын пайдаланып, өтінім бере алады. Мамандар тез арада әлеуетті инвестормен байланысады»

   Қызметті цифрландырудың тағы бір сәтті мысалы – Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы») инновациялық гранттарына өтінім беру. Digital Baiterek  порталының «Өнімдер және қызметтер» бөлімінде үміткерлер «Инновациялық гранттар» опциясын таңдап, өз жобасын сипаттаумен, өтінім ұсынады. Содан кейін ТДҰА мамандары бастапқы тексеруді, сондай-ақ, қаржылық-экономикалық, технологиялық және құқықтық сараптаманы жүзеге асырады. Осы жұмыс нәтижелері бойынша комиссия шешім қабылдап, жауап жағымды болған жағдайда грант алушымен шарт жасалады. Жобаны жүзеге асыру барысында ТДҰА онлайн режимінде жұмыс тиімділігін жоғарылатуға бағытталған мониторинг жүргізежі.

   Портал қызметтерінің толық тізімімен танысу үшін, пайдаланушылар digital.baiterek.gov.kz сайтына өте алады, мұнда холдингтің және оның портфельдік компанияларының әрбір сервисінің алгоритмі толық және түсінікті сипатталған.

 

natd

 

  • This 
  • that 
  • the other

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар