Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

27.04.2024

«Бәйтерек» холдингі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

10.04.2024

«Бәйтерек» ұлттық холдингі сыртқы инвестицияларды тартуға ерекше көңіл бөледі

«Бәйтерек» ұлттық холдингі сыртқы инвестицияларды тартуға ерекше көңіл бөледі

     2024 жылғы 9 сәуірде «Бәйтерек» Холдингі мен испандық Roca Group компаниясы Қазақстан нарығындағы Roca Group позициясын нығайту мүмкіндігін талқылады.

     Ұлттық холдингтің және оның компанияларының стратегиялық мақсаттары индустриялық-инновациялық даму, жергілікті өнім экспортын ілгерілету, шағын және орта кәсіпкерлікті, АӨК және тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады. Осылайша, Қазақстанның өнеркәсіптік секторын дамыту тұтастай алғанда біздің мемлекетіміздің де, атап айтқанда «Бәйтерек» холдингінің де басымдықтарының қатарына кіреді.

189.png

     «Ағымдағы міндеттерге сәйкес «Бәйтерек» холдингі сыртқы инвестицияларды тартуға ерекше назар аударады. Осыған байланысты шетелдік қаржы-өнеркәсіптік озық компаниялармен, оның ішінде испандықтармен ынтымақтастық басымдық болып табылады» - деп, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шайхы Жандос атап өтті.

190.png

     Қазіргі уақытта Roca Group ҚР-да жергілікті өндірісті ашу мүмкіндігін қарастыруда, бұл компанияға Roca Group-тың Қазақстан нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді және сатып алушыларға компания өнімдерінің толық ассортиментімен танысуға мүмкіндік береді.

     Roca Group 1917 жылы үйді жылытуға арналған шойын радиаторларын шығара бастады. Бүгінгі таңда Roca сауда желісі 79 өндірістік зауыттан өнім жеткізе отырып, 170-тен астам елді және бүкіл әлем бойынша 21000-нан астам қызметкерді қамтиды.

191.png

     Компания санитарлық керамика, душқа арналған науалар, крандар, аксессуарлар, ванна жиһаздары және керамикалық плиткалар шығарады. Қазіргі уақытта испандық компанияның Алматы қаласында өкілдігі бар.

     Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдан бастап Бәйтерек Холдингі Қазақстан тарапынан «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің тең төрағасы болып табылады және екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

 

 

          «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар