25.10.2021

«Бәйтерек» холдингінің қолдау құралдары IT -индустрияны қамтиды

«Бәйтерек» холдингінің қолдау құралдары IT -индустрияны қамтиды

Жұма күні, 22 қазанда Қазақстан Республикасының Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин IT қызметтерінің экспортын дамыту мәселелері бойынша «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуге Холдингтің басқарма төрағасы Айдар Арифханов, холдингтің басқарушы директоры Ұлан Оразтаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы «Гаухар Бөрібаева, сондай-ақ» «KazakhExport» ЭСК АҚ басқарма төрағасының орынбасарлары - Қуаныш Мұқажанов, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - Думан Әубәкіров және «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ - Алтай Куздибаев қатысты.

- «Бәйтерек» холдингінің қолдау құралдары IT - саласының отандық кәсіпорындары үшін де қол жетімді. Біз оларды қолдаймыз. Мұнда «Даму» қоры көптеген жұмыстар атқаруда. Біз сондай-ақ холдингтің жеке жобаларын іске асыру үшін IT - компанияларды тартамыз, - деп атап өтті Айдар Әріпханов.

Өз кезегінде Гаухар Бөрібаева мобильдік қызметтер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысатын екі жоба туралы мысал ретінде айтып берді. КазИнфоТех АЦП "ЖШС Қазақстандағы мобильді қызметтер нарығында өз бағдарламаларын әзірлейді және енгізеді, ал "Антис-Мед" ЖШС емханалар, стационарлар және жеке медициналық ұйымдар үшін бағдарламалар жасайды. Бұл екі компания да тиісінше несие сомасының 50 және 85 пайызы мөлшерінде «Даму» қорынан кепілдік түрінде қолдау алды.

- Біз қазақстандық IT - компанияларды қолдау бойынша жұмысты жалғастырамыз. ІТ -индустрияға мемлекеттік қолдау шараларын қамтуды арттыру мақсатында «Даму» Қоры министрлікпен бірге жаңа өнімдер әзірлейді, - деп түсіндірді Гауһар Бөрібаева.

Сонымен қатар, «KazakhExport» негізгі сақтандыру қаржы құралдары таныстырылды, оларды сыртқы нарықтарға қауіпсіз шығу үшін қазақстандық шикізаттық емес тауарларды өндірушілер мен қызметтерді жеткізушілер, оның ішінде IT саласын да пайдалана алады.

Қуаныш Мұқажанов жыл басынан бері «KazakhExport» жалпы сомасы 101,7 млрд теңгеге 66 отандық экспорттаушы кәсіпорынға қолдау көрсеткенін, ал 22 қазақстандық кәсіпорын қызметті алғаш рет пайдаланғанын атап өтті.

Кездесу барысында ҚДБ инвестициялық жобаларға, экспорттық операцияларға, шетелдік серіктестер мен банктердің экспорттық қаржыландыруына, соның ішінде KazakhExport бауырлас компаниясының сақтандыруы бойынша қаржы құралдарын таныстырды.

Қорытындылай келе, қатысушылар «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларына инновациялық және цифрландыру өлшемдерін әзірлеу және енгізу мәселелерін талқылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар