Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

11.10.2021

«Бәйтерек» Холдингінде шахмат турнирі өтті

«Бәйтерек» Холдингінде шахмат турнирі өтті

Бүгін «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары қызметкерлері арасында шахматтан жедел турнир өтті. Бұл жарысты Холдинг пен Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) осы түрін дәріптеу мақсатында ұйымдастырды.

3841017f-0758-4942-9f81-428d456df8ef.jpg 

- Бұл сіздің шеберлігіңізді көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Турнир «Бәйтерек» холдингінің жалпы корпоративтік мәдениеті мен біздің ұжымның біріктіруші күші болатынына сенімдімін, - деді турнирдің ашылуында ҚШФ бірінші вице -президенті, «ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов қатысушыларға сәттілік және әдемі ойын тіледі.

43f006e4-bdec-4558-9707-1b00e3e66a7f.jpg 

Турнирдің финалына 10 адам қатысты. Үш сағатқа созылған тартыстың нәтижесінде үш жүлде бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарды холдинг әкімшілігінің басшысы Дина Акрачкова құттықтады.

- Үшінші рет өткізіліп отырған бұл турнир біздің Холдинг шахматқа ерекше сүйіспеншілікпен қарайтындығының жарқын дәлелі болып табылады. Турнир жыл сайын қатысушыларды көптеп тарта отырып, табысты дамып келе жатқаны қуантады. Биыл оған аграрлық сектор компанияларының өкілдері қатысады, - деп атап өтті Дина Акрачкова.

 bc69a161-b985-479e-a007-b5e267f7ed15.jpg

Осылайша, бірінші орынды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ бухгалтерлік есеп бөлімінің бас менеджері Қуат Шоманов, екінші орынды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қостанай облысы бойынша несие беру жөніндегі бас маманы Ренат Медыбаев, ал үшінші орынды – «Отбасы банк" АҚ Нұр-сұлтан қаласындағы Орталық филиалының басқарма маманы Ерқанат Мұсабаев жеңіп алды. Ынталандыру сыйлығы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ талдау және стратегия бөлімінің бас маманы Жанна Карабаеваға берілді.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар