«Бәйтерек» холдингінің тәуекелдерін басқару жүйесі

Тәуекелдерді басқару жүйесі Холдингтің барлық елеулі тәуекелдерін анықтауға, бағалауға және мониторингілеуге, сондай-ақ осы тәуекелдердің деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған Холдинг қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Холдингтегі тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы холдингтің мынадай органдары мен бөлімшелерін: директорлар кеңесін, басқарманы, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшені, ішкі аудит қызметін, өзге де құрылымдық бөлімшелерді тарта отырып, тәуекелдерді бірнеше деңгейде басқару болып табылады.

Директорлар кеңесі тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесін қадағалауды жүзеге асыруда негізгі рөл атқарады. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару саласындағы функциялардың бір бөлігін Директорлар кеңесінің жанында тиісті комитеттер құру арқылы жүзеге асырады.

Басқарма тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға және корпоративтік саясаттарды орындауды және ұстануды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бақылау құрылымын құруға, сондай-ақ Холдингтің Тәуекел-менеджменті саясаты мен философиясын көрсететін «тәуекелдерді ұғыну» мәдениетін қалыптастыруға жауапты болады. Тәуекелдерді басқаруды тиімді ұйымдастыру мақсатында Холдинг басқармасы жанындағы алқалы органдарға Холдинг басқармасы айқындайтын функциялар мен өкілеттіктер жүктелуі мүмкін

Тәуекелдерді басқару процесінде Холдингтің құрылымдық бөлімшелері мен өзге де қызметкерлерінің негізгі функциялары тәуекелдерді тұрақты негізде сәйкестендіру және бағалау, олардың құзыреті шеңберінде әдістемелік және нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысу, тәуекелдерге ден қою бойынша бекітілген іс-шараларды іске асыру, сондай-ақ тәуекел-коммуникацияны дамыту процесіне жәрдемдесу болып табылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіруге тәуекелдерді басқару департаменті жауапты.

Холдингтің ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқару рәсімдерінің және тәуекелдерді бағалау әдіснамасының аудитін жүзеге асырады, сондай-ақ тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Холдинг үздік халықаралық стандарттарға сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істейді. Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің көзқарасы, мақсаттары мен міндеттері, тәуекелдерді басқару құрылымы, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі компоненттері холдингтің тәуекелдерді басқару саясатында толығырақ баяндалған.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар