Хамитов Ерсайын Ерболатұлы

Хамитов Ерсайын Ерболатұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

Ерсайын Хамитов 1983 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, 2022 жылы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, 2016 жылдың ақпан айынан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен холдинг басқармасының мүшесі болып табылады. Экономика, бухгалтерлік есеп және есептілік, қазынашылық, Корпоративтік қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді. Банк саласында және корпоративтік басқаруда 14 жыл жұмыс өтілі бар.

2009-2014 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестицияларды басқару департаментінің бас менеджері. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры қызметтерінде болды.

2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Қостанай филиалы) кредиттік талдау секторының меңгерушісі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Кредиттік талдау департаментінің бас талдаушысы, «БТА Банк» АҚ Корпоративтік бизнес басқармасы басшысының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

2004 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін Қаржы және несие мамандығын шетел тілін білетін экономист-қаржыгер бойынша және Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін MBA бағдарламасы бойынша бітірген.

Қызметкер екінші бір жерде қосымша жұмыс істемейді. Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялардың үлестері жоқ.

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар