Сон Вячеслав Владимирович

Сон Вячеслав Владимирович

Басқарма төрағасының орынбасары

Вячеслав Сон 1982 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, 2023 жылғы қарашада Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, 2023 жылғы 23 қарашадағы Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма мүшесі болып сайланды. Құқықтық қамтамасыз ету, адами ресурстарды басқару және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етеді.

 

Білімі:

·       Лондон университеті (University of London, Queen Mary, Құқық магистрі) (2021 ж.);

·       Заманауи гуманитарлық институт (2002 ж.);

·       Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті (2002 ж.).

 

Мансаптық жолы:

  • 2002 жылдан 2009 жылға дейін Вячеслав Сон бағалы қағаздармен жұмысты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері, Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас заңгері, «ҚДБ - Лизинг» АҚ заң басқармасының бастығы, Банк қызметін құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Заң департаментінің директоры қызметтерін атқарды;
  • 2009 жылдан 2012 жылға дейін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ құқықтық және әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, басқарушы директоры, сондай-ақ жобаларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры болды;
  • 2012 жылдан 2013 жылға дейін «Қазспецэкспорт» РМК аппаратын басқарды, содан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазспецэкспорт» РМК бас директорының орынбасары болды;
  • 2013 жылдан бастап 2023 жылдың қараша айына дейін аудит және бақылау департаментін басқарды, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарды.

 

Қосымша лауазымдар атқармайды. Үлестес ұйымдардағы акциялардың үлестеріне иелік етпейді.

 


іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар