- Холдинг туралы
2022 жылғы көрсеткіштер Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар шеңберінде ұсынылды
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Amazon Web Services ресми серіктесі Qcloudy-мен бірлесіп жасанды интеллектің көмегімен лизинг нысандары мен кепілдік қамтамасыз етудің онлайн-мониторинг жүйесін әзірледі.
Франция Республикасымен ынтымақтастықты жалғастыру және екіжақты қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2024 жылғы 19 сәуірде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Француз даму агенттігінің (AFD) Қаржы жүйелері департаментінің жобалау тобының жетекшісі Катерина Петсетидимен кездесу өткізді.
2024 жылғы 16 сәуірде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бизнесті жаһандық деңгейде орнықты дамуға тартуға бағытталған ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының (UN Global Compact) Жаһандық шартына қосылды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның миссиясы
Қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарында бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту болып табылады.
Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:
Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation»АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.
Микро, шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты түрде орналастыру.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, ипотекалық несиелеу және банктер арқылы жеңілдетілген қаржыландыру.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылдағы ірі, орта және шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау арқылы елдің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) тұрақты дамуына және техникалық жарақтандырылуына жәрдемдеседі.
«Bereke Bank» АҚ – бөлшек клиенттердің және нарықтағы шағын, орта ойыншылардан бастап ірі ойыншыларға дейінгі корпоративтік бизнес сегменттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірегей қаржы институты.