Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

27.04.2024

«Бәйтерек» холдингі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

17.04.2024

«Бәйтерек» ұлттық холдингі БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды

«Бәйтерек» ұлттық холдингі БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды

     2024 жылғы 16 сәуірде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бизнесті жаһандық деңгейде орнықты дамуға тартуға бағытталған ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының (UN Global Compact) Жаһандық шартына қосылды. Бұл Бәйтеректің адам құқықтарын құрметтеуді, озық еңбек стандарттарын қолдауды, экологиялық тұрақтылыққа ұмтылуды және сыбайлас жемқорлыққа белсенді қарсы іс-қимылды қоса алғанда, жаһандық шарттың он әмбебап қағидатына бейілділігін растайды.

     БҰҰ-ның Жаһандық шарты әлемнің 160 елінен 20 000-нан астам компания мен ұйымды біріктіріп, корпоративтік және мемлекеттік секторлар арасында халықаралық әріптестікті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бастамаға қатысу «Бәйтерекке» тұрақты даму саласындағы әлемдік көшбасшылардан тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

     «Біз қазір корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты дамудың маңыздылығын мойындайтын жаһандық қауымдастықтың бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Бұл шартқа қосылу біздің стратегиялық мақсаттарымызды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және күнделікті қызметімізде үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге ынталандырады», — деп мәлімдеді Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы.

     «Бәйтерек» жыл сайын өзінің қағидаттарын іске асырудағы прогресті көрсете отырып және орнықты дамуға қол жеткізу жөніндегі жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса отырып, Жаһандық шарт шеңберінде өз қызметі туралы есептерді ұсынатын болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар