16.04.2021 Ерлан

Ипотекаға үй алу жөнінде қалай білуге болады?

Құрметті Ерлан!

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) еншілес ұйымдары «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын-үй компаниясы» АҚ арқылы тұрғын-үй сатып алу шарттары туралы ақпаратты Холдинг сайтының «Қолжетімді баспана» бөлімінің «Ипотекалық кредиттер мен тұрғын-үй қарыздары» бөлімшесінен алуға болады.

Сондай-ақ, толығырақ ақпаратты еншілес ұйымдардың филиалдары/бөлімшелерінен, ресми интернет-ресурстарынан, ондағы кері байланыс құралдарын пайдаланып немесе сall-орталықтары арқылы алуға болады.

«Отбасы банк» АҚ ресми сайты: https://hcsbk.kz/ru/, тел.: +7 (727) 330-9-300, Call-орталық: 300 және басқа да кері байланыс құралдары Банктің сайтында орналасқан.

«Қазақстан Тұрғын-үй компаниясы» АҚ ресми сайты: https://khc.kz/ru, қауырт желі телефондары +7 727 344-12-22, 8 800 080-44-48 және басқа да кері байланыс құралдары компанияның сайтында орналасқан.

06.04.2021 Кубегенов Ерлан Сагингалиевич

Нұр-Сұлтан қаласынан 5-10-20 Шаңырак бағдарламасы бойынша қала әкімшілігінен арнайы көп қабатты үй салып бере ме?

Құрметті Ерлан Сагиналиевич!

Құрметті Ерлан Сағыналыұлы!

«Шаңырақ» пилоттық жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – ЖАО) кезекте тұрғандарға тұрғын үй сатып алуға несие беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарымен реттеледі.

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) жеңілдетілген қарыздарды мынадай шарттар бойынша береді:

1) қарыздың мақсаты - бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу (жеке құрылыс салушылардың, оның ішінде уәкілетті ұйымның тұрғын үй құрылысы объектілерінде тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау бойынша, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымының кепілдігімен қамтамасыз етілген тұрғын үй, ЖАО кредиттік тұрғын үйі);

2) сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5 % (бес пайыз) дейін;

3) кредит беру мерзімі - 20 (жиырма) жылға дейін;

4) Отбасы банкіндегі шотта бастапқы жарнаның болуы:

алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша қарыз сомасының кемінде 10%-ы (он пайызы) мөлшерінде;

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде аралық тұрғын үй заемдары бойынша»;

5) кепілмен қамтамасыз ету - сатып алынатын тұрғын үй. Қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде Банк талаптарына сәйкес келетін өзге мүлікті кепілге беруге жол беріледі;

6) Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алу кезінде қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңгеден аспайды; Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында - 15 млн. теңгеден аспайды; өзге өңірлерде -12 млн. теңгеден аспайды;

7) ЖАО кредиттік тұрғын үйі бойынша қарыздың ең жоғары сомасы аталған мемлекеттік бағдарламаның 5.1.2-кіші бөлімде көзделген 1 ш.м. үшін құнның шекті мөлшерімен айқындалады.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген шамасын қоса алғанға дейінгі кірісінің болуы;

3) төлем қабілеттілігін растау;

4) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюды және тұрғынжайға мұқтаждық мәртебесін растауды қамтуға тиіс.

Толық ақпарат алу үшін өз қалаңыздағы «Отбасы банк» АҚ кез келген бөлімшесіне немесе филиалына жүгінуді ұсынамыз.

31.03.2021 Сәрсенбаев Шынболат Жамбылбекұлы

Саламатсыз ба мен сұрағым бар еді жеңілдетілген 4 пайызбен автокөлік қашан басталады екен нақты уақытын айтып бере аласыздар ма ?

Құрметті Шынболат Жамбылбекұлы!
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Сіздің жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасының кезекті траншын бөлу мерзіміне қатысты сұрағыңызды қарастырып, қазіргі уақытта Холдингтің еншілес компаниясы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (бұдан әрі - Даму Банкі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 Қаулысымен бекітілген Отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктерді қаржыландыратынын хабарлайды.
Бұл бағдарламамен ҚР Ұлттық Банкінің 2019-2023 жылдар ағымында жыл сайын 20 млрд. теңгеге дейінгі сомада қаражат бөлуі көзделген.
Даму Банкіне 2021 жылға траншты бөлу мерзімі қазіргі уақытта анықталмаған.

29.03.2021 Нургул Муратова

Салеметсизбе! Бизнестің жол картасы бойынша қаражат алу туралы мәлімет берсеңіз, жалпы ол бойынша қаражат алу қалай жузеге асады?

Құрметті Нургул Муратова!

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2025 бағдарламасы) шеңберінде қаржыландыру бойынша ақпарат ұсынуға қатысты сауалыңызға жауап ретінде келесіні хабарлайды.

Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» қоры) БЖК-2025 бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдауды іске асыратын мен мониторингілейтін қаржы агенттігі болып табылады. Өз қызметі шеңберінде «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктердегі кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру арқылы бизнес субъектілеріне қолдау көрсетеді.

БЖК-2025 бағдарламасының екінші бағыты бойынша тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге берілетін қарыз сомасы 7 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көзделген. Бұл ретте, субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 6%-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады (қазіргі уақытта базалық мөлшерлеме 9%-ды құрайды). Сонымен қатар, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар берген кредиттерді/қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және БЖК-2025 бағдарламасының критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидияланады.

Осы бағыт бойынша кәсіпкерлердің кредиттеріне ішінара кепілдік беру банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдайтын күні номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін екінші бағыт шеңберінде «Даму» қоры тарапынан кепілдік алудың негізгі шарттары:

         - кепілдік берілетін жоба шеңберіндегі кредит сомасы 360 млн. теңгеден аспауы тиіс;

         - кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспауы тиіс, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15%-ы болатын кредит бойынша қамтамасыз етуді (кепіл) ұсынады.

         Жұмыс істеп жатқан кәсіпкер үшін екінші бағыт шеңберінде «Даму» қоры тарапынан кепілдік алудың негізгі шарттары:

         - кепілдік берілетін жоба шеңберіндегі кредит сомасы 1 млрд. теңгеден аспауы тиіс;

         - кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспауы тиіс, бұл ретте кәсіпкер кепілдік құны кредит сомасының кемінде 50%-ы болатын кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.

Бұдан басқа, «Даму» қоры жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қаржылық қолдау шараларын іске асырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру механизмінің (бұдан әрі – Механизм) операторы болып табылады. ЖКС нысаналы тобы – БЖК-2025 бағдарламасында айқындалған және басым жобаларға кредит берілетін тауарлар тізбесіне сәйкес экономиканың басым салаларында жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер.

Механизм шеңберінде қаржыландыру 15%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі, оның 9%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын кредиттерге ішінара кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50%-ынан және 3 млрд. теңгеден жоғары 5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша 30%-дан аспайды.

Бұл ретте, екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлердің жобаларын өздері іріктейді және қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары туралы толық ақпарат алу үшін https://www.damu.kz/ сайтындағы ақпаратпен танысуды ұсынамыз немесе мына телефондар бойынша хабарласыңыз: call-орталық 1408, +7 (727) 244 55 66.

20.03.2021 Жадыра

Нұрлы жер бағдарламасымен сатып алу құқығымен үйлер болама жақын арада ?

Құрметті Жадыра!

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына (бұдан әрі - мемлекеттік бағдарлама) сәйкес, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚТК» АҚ) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді мынадай шарттармен сатады:

•   Бастапқы жарна: жоқ

•   Жалдау мерзімі: 240 айға дейін

•   Жалдау мөлшерлемесі: жылдық 3,1 %

•   Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының

меншігіне өтеді

•   Табысы жеткіліксіз болған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу, кепілгерлерді тарту мүмкіндігі.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімін ҚР Білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрліктері, жергілікті атқарушы органдар ұсынады.

Жыл соңына дейін Нұр-сұлтан қаласында 500-ден астам пәтер пайдалануға беріледі.


18.03.2021 Асель Темиргалиева

Сізден тұрғын үй алу мүмкіндігі бар ма?

Құрметті Асель Темиргалиева!
Холдингтің еншілес ұйымдары - «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, қаржыландыру, ипотекалық несиелеу, субсидиялауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қол жетімділігін арттыруға бағытталған.
Аталған еншілес ұйымдар (ЕҰ) ұсынатын құралдар жайлы сайттың Қолжетімді баспана - Ипотекалық кредиттер және тұрғын үй қарыздары бөлімінде (сілтеме: https://www.baiterek.gov.kz/kk/kolzhetimdi-baspana/ipotekalyk-kreditter-men-turgyn-uy-karyzdary/) немесе ЕҰ-дың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында танысуға болады.
«Отбасы банк» АҚ: https://hcsbk.kz/;
«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ: https://kmc.kz/ru.

27.02.2021 Арайлым

Қайырлы күн! Мен Отбасы банкінің салымшысымын.Өзім үй кезегінде тұрмын.жалғызбастымын.Бюджеттік қызметте жасаймын.Депозитте 20 пайыз жинап, Нұрлы жер бағдарламасымен конкурстан өткен болатынмын.Бірақ төлемқабілеттілігін растау кезінде жалақым 126 мыңнан асып кетіп үй ала алмай қалдым.Ал енді 50 пайыз ақша жинағым жоқ.Отбасы банкіндегі қосымша конкурсқа үй кезегінде тұрмаған салымшылар ғана қатыса алады. Ал сонда жалақысы 126 мыңнан асатын жалғызбасты бюджеттік қызметкерлер үйді қалай алады?Үй кезегінде тұрмын, бюджеттік қызметкермін бірақ Нұрлыжер бағдарламасымен үй ала алмай отырмын.Тек 100 пайыз ақшасын төлесең ғана ала аласың дейді.Ең болмаса жалақысы 126 мыңнан асатын жалғызбасты адамдарға 50 пайызын төлеп алуға мүмкіндік берсеңіздер!Қазіргі таңда мен Шаңырақ, Нұрлы жер бағдарласы бойынша 126 мың шектеу қойылғасын үй ала алмай отырмын. Шыны керек осы үйдің 20 пайызын бірнеше жыл салып әзер толтырдым, енді аламын ғой дегенде төлемқабілеттілігінен өте аламай отырмын.Бір шешімі болар деп үміттенемін.

Құрметті Арайлым!
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) бекітілді, оның негізгі мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін олардың кірістері, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйдің жеткілікті көлемінің болуы айқындаушы фактор болып табылады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне табысы 1 ең төмен күнкөріс (бұдан әрі - ЕТК) деңгейіне дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін ЖАО-ның сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйі ұсынылады. Табысы 3,1 ЕТК-ге дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты Отбасы» бағдарламасының қатысушысы бола алады (көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар). Табысы 3,7 ЕТК-ге дейінгі ЖАО-да кезекте тұрғандар «5-20-25» бағдарламасы бойынша және «Шаңырақ» («5-10-20») пилоттық жобасы шеңберінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйіне үміткер бола алады. Табысы 3,7 ЕТК-ден асатын азаматтар «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын және ЕДБ-нің өзге де өнімдерін пайдалануға құқылы.
«Отбасы банк» АҚ-ның (бұдан әрі - Банк) Мемлекеттік бағдарламаға қатысуы пулдарды уақтылы және толық қалыптастыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алу үшін қарыздар (тұрғын үй, аралық тұрғын үй немесе алдын ала тұрғын үй қарыздары) беруді білдіреді.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша кредиттеу шарттарына өзгерістер енгізу мәселелері Мемлекеттік бағдарлама әкімшісінің құзыретіне жататындықтан, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне құзырет бойынша жүгінуді ұсынамыз.

26.02.2021 Мырзабаева Айгуль Джурабаена

Бәйтерек" холдингі пәтер жалдау бағасының 80%-ін мемлекет тарапынан өтеу қашан енгізіледі. Қандай құжаттар керек?

Құрметті Айгуль Джурабаевна!

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысын субсидиялау тетігін пысықтауда. Мақсатты аудитория болып ЖАО-да отбасы мүшесіне шаққанда бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар кезектегілер анықталды.

Тетікті іске қосу үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленді және заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

16.02.2021 Торебай Гулсим Жанайдаркызы

Саламатсызба, 2021 жылы Актобе каласынан арендное жилье с последующим выкупом бериледиме?

Құрметті Гүлсім Жаңайдарқызы! «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚТК» АҚ) Ақтөбе қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізуде. «ҚТК» АҚ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі жергілікті атқарушы органда (бұдан әрі - ЖАО) кезекте тұрғандарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен беріледі. Бұл ретте Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың тізімін қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаждарды есептен шығару тікелей ЖАО функциясына жатады. Ақтөбе қаласы, Д.А. Қонаев көшесі, 3В және Қарғалы ауылы, Қарғалы т.м., 200үй (кор.1,2) мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй объектілері «ҚТК» АҚ және ЖАО арасында қол қойылған келісімдер шеңберінде беріледі. Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға алу үшін сізге жолдама алу үшін ЖАО-ға жүгінуге кеңес береміз. Бұдан басқа, Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ЖАО «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабының 1) - 8), 10) және 11) тармақшаларында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салу жүзеге асырылуда. Аталған тұрғын үй Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалған, табысы жоқ не отбасының әрбір мүшесіне соңғы алты айда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы баркезекте тұрғандарға кезектілік тәртібімен беріледі. Осы бағыт бойынша толық ақпарат алу үшін тіркелген жер бойынша ЖАО-ға жүгінуді ұсынамыз.

21.01.2021 Даулет

Салеметсізбе, мен 2014 жылдан бері очередтемін үй алу үшін бастапқы 10% ды пенционыйды аударып жетпегенін қолма-қол құйып үй алуыма болама? Қазір үш балалымыз әйелім жүкті төртіншісіне.

Құрметті, Дәулет!
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе жекеменшік басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдалану тәсілдерін әзірледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеуде. Бекітілгеннен кейін ережелер жалпыға қол жетімді болады.
Сұрақтар 71 - 80 / 94
Басы | Алдыңғы | 6 7 8 9 10 | Келесі | Соңы
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар