11.07.2018

Венчурлық қаржыландыру үшін қолайлы жағдайлар

Венчурлық қаржыландыру үшін қолайлы жағдайлар

Осы аптадағы маңызды оқиға Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қоюы болды.

Құжаттың мақсаты жаңа технологиялар нарығын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру болып табылады. Оның әзірлеушілері «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен Инвестициялар және даму министрлігі.

Қол қойылған құжаттың негізгі жаңалықтары мен күтілетін нәтижелерін ұсынамыз:

  • заң инновациялық кәсіпорындардың өсуіне, нарық қатысушыларының инвестициялық белсенділігін, жаңа жұмыс орындарын құруды және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруды ынталандырады;
  • венчурлық қорлардың құқықтық мәртебесін айқындайды;
  • жеке инвесторларға тәуекелді жобаларды дамудың бастапқы кезеңінде сенімді түрде инвестициялауға мүмкіндік береді;
  • нарыққа қатысушыларға өз салымдарын біріктіруге және пайда алу үшін заңды тұлға құрусыз венчурлық қаржыландыру бойынша бірлескен қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы институттарға, мысалы, «Зерде» ұлттық холдингіне, венчурлық қаржыландыру функцияларын береді;
  • ұзақ мерзімді перспективада жаңалықтар ғылыми-технологиялық прогресті қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа технологияларды дамытуда кәсіпкерлердің санын көбейтуге мүмкіндік береді;
  • заң корпоративтік құқықтың жаңа шарттық құралдарын, атап айтқанда, венчурлік қаржыландыру жүйесінде ағылшын құқығы элементтерін енгізуді қарастырады;
  • серіктестіктер арасындағы келісілген «ойын ережелерін» бекіту үшін серіктестіктегі қатысушылардың құқықтарын іске асыру туралы, соның ішінде бизнестен «кіру» және «шығу» шарттары, сондай-ақ корпоративтік жанжалдардың тәуекелдерін төмендету туралы келісім жасайды;
  • қатысушыларға өзінің құқықтарын мүмкіндігінше қорғауға және жарғыда және серіктестік жарғысында реттелмеген аспектілерді шешуге мүмкіндік береді.
  • тараптардың біреуі басқа тараптың сұратуы бойынша өз міндеттемелерін орындауға міндеттенетін «опциондық шарт» құралын енгізеді.
  • венчурлық қордың қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да мүліктерден басқа серіктестік жарғылық капиталына жарналар ретінде қаржы несиелері бойынша әріптестікке қатысушылардың өтініштерін беру құқығын пайдалануға мүмкіндік береді;
  • нарық қатысушыларына шарттарға куәландырулар және кепілдіктер туралы ережелерді қосуға мүмкіндік береді;
  • шартта көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда, шығынды өтеу механизмін көздейді.

Заңның мәтінімен танысу үшін мына сілтемеге жүгіну керек:

https://pdf.egemen.kz/pdfs/2018/07/10072018.pdf

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар