Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

27.04.2024

«Бәйтерек» холдингі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

11.04.2018

«Тұрғын үй құрылысын сақтандыру қоры» АҚ «Баспана» тарифтік жинақтың бірыңғай бағдарламасын іске қосуда

«Тұрғын үй құрылысын сақтандыру қоры» АҚ «Баспана» тарифтік жинақтың бірыңғай бағдарламасын іске қосуда

2017 жылдың 1 тамызынан бастап «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәтерек» холдингінің еншілес кәсіпорыны) бұдан бұрын әрекет еткен тарифтік бағдарламаларды біртұтас етіп біріктіруде. Енді «Баспана» тарифтер жинағының бір ғана бағдарламасы төрт бағдарламаны алмастырады: «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ».

Бағдарлама бұрынғыға қарағанда икемді, және ол бұрынғы сияқты үнемдеу үшін белгілі бір уақытты белгілемейді. Басқаша айтқанда, енді банк салымшысы жинақтау кезеңін және өзі алатын кредит бойынша пайызды таңдайды. Есептік баға кредит мерзімін және пайызын анықтау үшін негізгі критерий болады. Бұл қаржылық тәртіптің көрсеткіші болып табылады деуге болады. Клиент жиі-жиі салым салған сайын, ол соған қарай жоғары бағалай ұпайын алады.

Дегенмен банк салымшылары ең аз мәнді сақтауы қажет, атап айтқанда жинақтау мерзімі 3 жыл және бағалай ұпайы 16. Бұл жағдайда банк клиенті жылдық 5% көлемінде кредит талап ете алады. Егер жинақтау мерзімі 4 жылды құрапы, ал бағалау ұпайы 20-ға дейін өсетін болса, ал кредит бойынша мөлшерлеме 4,8%-ға дейін түседі. Осылайша, жинақтау мерзімі өскен сайын бағалай ұпайы да прапорционал өсе береді және тиісінше, кредит бойынша мөлшерлеме де төмендейді. Кредит бойынша ең аз мөлшерлеме жылдық 3,5%-ды құрайды.

Түбегейлі өзгеріс жоқ. Мұндағы инновация өнімдер желісін оңтайландыруда жатыр, бұл оны максималды түрде қарапайым және қолжетімді етеді. Сонымен қатар, «Баспана» бағдарламасы депозиттен кейін орындалатын операцияларды азайтады. Енді салымшылар тек үш сұраққа ғана жауап беруі тиіс – болашақ тұрғын үйдің бағасы, бастапқы салым көлемі және ай сайынғы қолжетімді салымның сомасы туралы. Жауапқа байланысты банк клиенті тұрғын үй жоспарын жеңіл құра алады және өз мақсатына қарай адымдайды, - деп түсіндірді, басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жубаниязова.

Жанар Жубаниязова өз сөзінде, 2017 жылдың 1 тамызына дейін ашылған барлық депозиттер мүдделі тараптар барлық міндеттемелерін толық орынағанға дейін банкпен басқарылатын болады, - деп атап өтті..

Сондай-ақ, «Баспана» жаңа тарифтік бағдарлама сомасы 500 АЕК (1 134 800 теңге) кем емес депозит ашуға, келісімшарт сомасын арттыруға, отбасы мүшелері және туыстар арасында бір-біріне беруге мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпарат алу үшін банк клиенттері Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жақын маңдағы филиалына бара алады. Кеңес беру орталықтарының мекен жайын табу үшін https://www.ЖССБКk.kz сайтына кіріңіз.

Егер сіз, Алматы қаласынан бір бөлмелі пәтер алғыңыз келсе тұрғын үй жоспарын қалай есептеуге болатындығының мысалы.

Салымшы Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің менеджеріне өзінің депозитіне ай сайын қанша сома салатындығын хабарлауы тиіс. Мысылы, ол 100 000 теңге сала алады. Мұндай салым кезінде ол 6 жыл ішінде мүлік құнының 50 %-ын үнемдей алады (есептеу сыйақы және банк жиналымдарын есептемей жасалады). Банк 9 жылға жылдық 4,2%-бен кредит ұсынады. Ай сайынғы төлем 78 400 теңгені құрайды.

***

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ трғын үй құрылысы жинағы жүйесіне қызмет ететін мемлекеттегі жалғыз банк болып табылады. Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Құрылыс банктерінің Еуропалық федерациясының және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру қоғамының қатысушысы болып табылады. Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар