10.07.2019

«Сарыарқа» газ құбыры 2,7 млн. қазақстандықтарды көгілдір отынмен қамтамасыз етеді

«Сарыарқа» газ құбыры 2,7 млн. қазақстандықтарды көгілдір отынмен қамтамасыз етеді

«Сарыарқа» магистралды газ құбыры 2,7 миллион қазақстандықтарды көгілдір отынмен қамтамасыз етеді, ал оның құрылысында екі мыңнан астам адам жұмыс істейді .

 

«Қараөзек» (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау –Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасы «КазМунайГаз» АҚ, және «Baiterek Venture Fund» АҚ – сенімді басқарушы компаниялар арқылы  («Казына Капитал Менеджмент» АҚ құрылымынан) «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын «АстанаГаз КМГ» АҚ іске асырылады.

 

Құрылыстың жалпы құны 267,3 млрд теңге құрайды, оның ішінде 80,3 млрд. теңге акционерлерге тепе-тең негізде берілді, 187 млрд. теңге «АстанаГаз КМГ» АҚ облигацияларының екі шығарылымын орналастыру арқылы тартылды. Облигациялардың бірінші шығарылымының инвесторлары «БЖЗҚ» АҚ және бірнеше сақтандыру компаниялары болды. Облигацияның екінші шығарылымы 2017 жылдың 4 шілдесінде орналастырылды, онда инвесторлар  Еуразия даму банкімен бірлесіп «Қазақстан Даму Банкі» АҚ болды. 

 

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 наурызындағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жолдауын іске асыру мақсатымен басталды. Құрылыстың аяқталуы 2019 жылдың соңына күтілуде.

 

2019 жылдың 21 наурызында «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы шеңберінде дәнекерлеу жұмыстары басталды. Қазіргі сәтте шамамен 550 км құбыр дәнекерленді, бұл барлық газ құбырының 50% астамын құрайды.

 

Газ құбырының құрылысымен 2,7 млн адамға дейін халық санымен 171 елді мекенді көгілдір отынмен кезеңмен қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалды. Құрылыс кезеңінде 2 мыңнан астам жұмыс орны, ал пайдалану уақытында – шамамен 190 жұмыс орны құрылады.

 

Жобаның үлкен әлеуметтік-экономикалық әсері бар. Кәсіпорыннан жобаның жоспарлық қуатқа шығуы кезінде жыл сайые ел экономикасына кемінде 1,9 млрд. теңге салық түсімдері, Нұр-Сұлтан қаласының және газ құбыры трассасының бойында басқа елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту күтілуде. Атап айтқанда, 2024 жылға дейін ластаушы заттардың шығарынды көлемін 6 мын тоннаға қысқарту күтілуде. Бұдан басқа, жобаның арқасында осы елді мекендердің инфрақұрылымы дамитын болады

 

 

Анықтамалық:

 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияны қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін дамыту жолымен Қазақстан экономикасын тұрақты дамыту бойынша міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдингке «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотека Компаниясы» ИҰ» АҰ «ЭСК «KazakhExport» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысты кепілдендіру қоры» АҚ, «Казына Капитал Менеджмент» АҚ, «Байтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді .

 

Фото kmg.kz сайтынан

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар