25.11.2021

ҚР Премьер-Министрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Директорлар кеңесінің мүшелері отырыста Холдингтің 2022 жылға арналған жылдық бюджетін бекітті. Құжатқа сәйкес Холдингтің кірісі 308,9 млрд теңге, шығысы – 275,5 млрд теңге, таза табысы – 32,7 млрд теңге деңгейінде болжануда.

Сонымен қатар, отырыс барысында еншілес ұйымдар – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ны қаржыландыру үшін 55 млрд теңге көлемінде «Бәйтерек» холдингінің облигацияларын шығару шарттары белгіленді. Қаражат агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қолдауға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизинг заттарын сатып алуға жұмсалатын болады. 

Сондай-ақ, Директорлар кеңесі Холдингтің 2021 жылдың III тоқсаны бойынша Тәуекелдер жөніндегі есепті бекітті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке қатысты мәселелерді қарады. Қызметті Директорлар кеңесі Холдингтің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрған.

Отырыс соңында Директорлар кеңесі өзінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар