04.12.2023

Qazaqstan Investment Corporation мен арабтың ADQ компаниясы бірлесіп инвестициялайтын платформа құрады

Qazaqstan Investment Corporation мен арабтың ADQ компаниясы  бірлесіп инвестициялайтын платформа құрады

Қазақстан мен БАӘ арасындағы байланысты нығайтуға және экономиканы дамытуға ықпал ету үшін инвестициялар қарқынды дамып келе жатқан секторларға бағытталмақшы.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар нарығының операторы Qazaqstan Investment Corporation және Абу-Дабиде орналасқан ADQ инвестициялық-холдингтік компаниясы бірлесіп инвестициялайтын платформаның құрылғаны туралы мәлімдеді. Тиісті меморандумға Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың БАӘ-ге сапары аясында қол қойылды.

Платформа Қазақстанда, сондай-ақ Орталық Азия мен Кавказ аймағы елдерінде өңдеу өнеркәсібі, ЖЭК, агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, қаржылық қызметтер технологиялары және білім беру және т.б. салалардағы инвестициялық жобаларды дайындауға және іске асыруға бағдарланатын болады.

2 (6).jpg

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров: «Біз Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, нақты айтсақ, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тікелей инвестициялар тартуға мүдделіміз. Әрі қарай бүкіл аймақты экономикалық тұрғыдан дамыту үшін QIC мен ADQ инвестициялық ынтымақтастығының әлеуеті зор болмақ» - деді.

ADQ-дың тиімді тәуелсіз инвестициялық серіктестіктер құру тәжірибесі мол және бірлесіп қаржыландыру барысында өз сараптамасымен бөлісуге ниетті.

ADQ басқарушы директоры және бас директоры мәртебелі Мохаммед Хассан Алсувайди: «Бірлесіп инвестициялайтын платформа ADQ-тің инвестициялық стратегиямызды толықтыратын негізгі нарықтарда инвестициялық серіктестікті дамытуға деген ниетін көрсетіп отыр, бұл басқа елдерге біздің портфель арқылы жинақталған жан-жақты және көп тәжірибеден пайда табуға мүмкіндік береді. Біздің ынтымақтастығымыз нақты пайда әкелетін, сондай-ақ БАӘ, Қазақстан және бүкіл Орталық Азия мен Кавказ аймағының экономикалық өсуіне ықпал ететін елеулі инвестицияларға әкелетініне сенімдіміз» - деп түйіндеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар