04.05.2019

Нұр-Сұлтанда қазақстандық өнім өндірушілер көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтанда қазақстандық өнім өндірушілер көрмесі ашылды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан қазақстандық өінм өндірушілердің «ULTTYQ O 'NIM» көрмесіне қатысты.

 

Көрмеге жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан өз өнімдері мен қызметтерін көпшілік назарына ұсыну үшін қазақстандық компаниялар жиналады. Биыл шараға «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдау алған 500-ден астам қазақстандық кәсіпорын қатысады.

 

Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға қарай экономикадағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесін ЖІӨ 35%-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу стратегиялық міндетін қойған.

 

2

 

«Біздің қолда бар әлеуетіміз осы міндетті орындауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.  2018 жылдың қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 28%-дан асты және жалпы сомасы 26,5 трлн теңгені құрады. Әрекеттегі 1,2 млн. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 3,2 млн. адамды жұмыспен қамтып отыр, бұл елдің жұмыспен қамтылған халқының 37%-ын құрайды. Бұған ШОБ қолдаудың ең тиімді құралы ретінде «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ықпал етті», - деп атап өтті Министр.

 

Барлық қолдау құралдары, оның ішінде "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында тек 2018 жылдың өзінде-ақ "Даму" Қоры жалпы несиелер сомасы 495 млрд теңгені құраған 22,4 мың кәсіпорындарға қолдау көрсетті.

 

3

 

«Біз «ULTYQ O 'NIM» көрмесі оң мультипликативті әсер етіп, ішкі нарықта ғана емес, сондай-ақ өнімді экспортқа шығаратын «қарапайым заттар экономикасы» платформасы мен дамудың негізгі драйвері ретінде ШОБ-ты одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп күтеміз», - деп атап өтті ол.

 

4

 

«ULTTYQ O 'NIM» көрмесінің тарихы 2015 жылы Алматыда басталды. Сол кезде «Даму» қоры алғаш рет 80 отандық компанияның басын қосқан болатын. Осы жылдар ішінде Көрме отандастарымыздың арасында танымал болғанын сеніммен айтуға болады.

 

5

 

Ағымдағы жылы көрмеде азық-түліктен бастап құрылыс материалдарымен аяқталатын тауарлардың кең ассортименті ұсынылды. Қатысушылар үшін қазақстандық өндірушілердің өнімдерінің дәмін татып көру, қазақстандық дизайнерлердің топтамаларын көрсету және жетекші тренерлердің шеберлік сыныптары секілді түрлі іс-шаралар өткізіледі. Көрме 6 мамырға дейін жалғасады. Кіру тегін.

 

Анықтама:

 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың

озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру,

инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен

орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР

Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ

банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ,

«Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ,

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project

Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі

қаулысымен құрылды. Қордың миссиясы – кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске

асыру арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты

дамуындағы белсенді рөлді атқару болатып табылады. «Даму» Қорының филиалдары

Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен,

қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы билік органдарымен айтарлықтай

жұмыс тәжірибесі бар.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар