Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

26.04.2024

«Бәйтерек» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады

04.09.2020

«Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы» шахмат турнирінің қорытындысы шығарылды

«Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы»  шахмат турнирінің қорытындысы шығарылды

900-ден астам қазақстандық жас шахматшылар «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогы» онлайн шахмат турниріне қатысты. Ауқымды республикалық жарысты «Бәйтерек» холдингі, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы және «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырды.

Турнир жас ерекшеліктеріне қарай үш санат бойынша, яғни 10, 14 және 18 жасқа дейінгілер арасында өткізілді. Ең кіші топта жалпы есепте Эдгар Мамедов жеңімпаз атанды, одан кейін жүлдегерлер қатарына Әлихан Хажатұлы мен Марк Смирнов кірді. Қыздар арасында жүлдегерлер үштігін Мәлік Жаппарбекова, Әсия Асылхан және Елназ Қалиахмет құрады.

uchastnica_turnira_amina_kayrbekova.jpg

14 жасқа дейінгілер арасында жалпы есепте Сатбек Ахмединов жеңіске жетті, ол Ораш Шоназаров пен Нұрдәулет Таңатовты басып озды. Қыздар жүлделерді мына тәртіпте бөлісті: Амина Қайрбекова, Алуа Нұрманова және Анастасия Перейма.

uchastnica_trunira_balabaeva_kseniya.jpg

Сонымен, ең көрнекті турнирде 18 жасқа дейінгі қазақстандық жасөспірімдер арасында жалпы есепте Қазыбек Нөгербек, Тамерлан Бектұров және Абылай Ахметжан көш бастады. Қыздар арасында Ксения Балабаева, Әсел Серікбай және Назерке Нұрғали оза танылды.

Сонымен қатар, он жас спортшы қыздар қосымша сыйлықтармен марапатталды.

Турнир бастамашыларының негізгі міндеті үлкен шахмат мерекесін ұйымдастыру болды. Карантиндік шектеулер жағдайында турнирге еліміздегі ең мықты деген балалар мен жасөспірімдерді жинау үшін онлайн-формат қолайлы тәсіл болды. Осындай қиын-қыстау кезеңде дарынды балаларды назардан тыс қалдырмай, ынталандырып, спорттық жетістіктерін арттыра түсу өте орынды.

Шахматтан 14-ші әлем чемпионы Владимир Крамник (Ресей) және шахматтан Әлем кубогының жеңімпазы, әлем чемпионы атағына үміткер Борис Гельфанд (Израиль) Кубокқа қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, отандық спорт жұлдыздарының атынан бокстан олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Серік Сәпиев, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, ММА бойынша, каратэ және джиу-джитсудан төрт дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов, көркем гимнастикадан Азия және Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьева және халықаралық гроссмейстер, 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасов балаларға өз тілектерін білдірді.

Жарыстың онлайн-ашылу салтанатына «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, «Болашақ» қауымдастығының Кеңес төрағасы Бақтияр Мәкен қатысты.

Кубокты өткізуге көптеген кәсіпқойлар – қазақстандық жетекші гроссмейстерлер, халықаралық төрешілер, lichess.org ойын платформасының сарапшылары, сондай-ақ жарысты ұйымдастырушылардың өкілдері – «Бәйтерек» холдингінің, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясының және «Болашақ» қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қазіргі заманғы онлайн-шахматтың басты пробленмасы – читерлікпен күреске ерекше көңіл аударылды. Турнир төрешілері Fair Play бұзушыларына өте қатаң қарайтын ФИДЕ ұсынымдарын басшылыққа алды. Античитерлік комиссия қабылдаған қатаң шаралар шахматшылардың адал ойынға деген сенімін нығайтады.

Жас ойыншылар, төрешілер мен ұйымдастырушылар үшін бұл турнир ресми жарыстың жаңа форматын өткізуде жақсы тәжірибе болды. Келесі жолы Кубокты бұдан да салтанатты әрі спорттық атмосферада өткізуге көмектеседі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар