21.05.2019

KazakhExport Тәжікстандағы өкілінің кеңсесін ашты

KazakhExport Тәжікстандағы өкілінің кеңсесін ашты

«Байтерек» ҰБХ-ның құрылымындағы "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ Тәжікстан Республикасында шетелдік өкілінің кеңсесін ашты.

Кеңсенің тұсаукесерінде тәжік банктерінің қазақстандық экспорттаушыларды қолдауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.  Атап айтқанда, KazakhExport Қазақстаннан Тәжікстанға экспорттауды жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілерді сақтандыру және қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы "Ориенбанк" АҚ, "Эсхат Банкі" ЖАҚ, "Амонатбонк" МСБ және "Тәжікстан Халықаралық Банкі" ЖАҚ-мен келісімдерге қол қойылды.

 "Тәжікстандағы KazakhExport өкілі кеңсесінің міндеті-бизнес-қоғамдастықпен байланыс орнату, кәсіпкерлер мен қаржы құрылымдарын KazakhExport құралдары туралы ақпараттандыру . Бұл Қазақстан мен Тәжікстан кәсіпкерлері арасындағы жұмысты жеңілдетуге және тиісінше тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады "KazakhExport "ЭСК" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков.  

"Екі елдің сауда айналымын арттыру бойынша біздің Үкіметтер тарапынан қойылған міндеттерді ескеретін болсақ, Душанбеде KazakhExport кеңсесінің ашылуы - маңызды оқиға және Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы оған жәрдемдесіп, қолдау көрсетуге ниетті", - деп атап өтті Тәжікстан Республикасы Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джумахонзода.  

Бүгінгі күні KazakhExport "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Hyundai Trans Auto" ЖШС, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС, "Шымкентмай" АҚ, "Рахат" АҚ, "Баянсулу" АҚ және "Алматы продукт"ЖШС сияқты қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсетті. Тәжікстан нарығына металл прокаты, автомобильдер мен автобустар, май өнімдері, кондитерлік өнімдер жеткізіледі.

Тәжікстанда қазақстандық арматурадан Орталық Азиядағы ірі Рогун ГЭС құрылысы жүргізілуде.  2018 жылы "KazakhExport" ЭСК"АҚ қаржы-сақтандыру құралдарын қолдана отырып, Тәжікстан Республикасына арматура жеткізу бойынша Меморандумға қол қойылды.  

 Осы уақытта, сонымен бірге ҚТЖ және Тәжік темір жолдары арасында 5 локомотив, 500 вагон және жартылай вагон, 5200 рельс жеткізуге туралы хаттамаға қол қойылды. KazakhExport сақтандыруымен ірі қазақстандық және халықаралық банктердің мәмілені тікелей қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылды. Бүгінгі таңда 3 локомотив жеткізілімі жүзеге асырылды.

Қостанайда "СарыарқаАвтоПром" ЖШС зауытында жиналатын JAC S3 қалалық кроссоверлері Душанбе қаласының таксопаркін қалыптастырады. Тәжікстанға 158 автокөлік жіберілді, оның 138-і KazakhExport қолдауымен экспортталды. Алматы облысында өндірілетін Hyundai County маркалы қазақстандық автобустарды Тәжікстан астанасының автобус паркін кеңейту үшін "Холдинг Азия Групп Тәжікстан" ЖАҚ-мен сатып алынады.

Экспорттық келісімшарт бойынша төлемді кейінге қалдыруды KazakhExport сақтандыру есебінен  Тәжікстанға "Шымкентмай" АҚ-ның өсімдік майын және "Алматы продукт" АҚ, "Рахат" АҚ, "Баян Сұлу" АҚ-ның кондитерлік өнімдерін жеткізу жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта KazakhExport өкілінің кеңселері Татарстан мен Өзбекстанда жұмыс істейді. 2019 жылдың соңына дейін тағы 6 шетелдік өкіл кеңсесі ашылуы жоспарланған: Ресей Федерациясында (Мәскеу, Новосибирск, Екатеринбург), Қытай Халық Республикасында( Сиань және Бейжің), Қырғызстанда, Белоруссияда.

 

Анықтамалық: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында $845,9 млн. құрады. Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 13,8% - ға өсіп, 522,0 млн.$ құрады (2017 жылдың ұқсас кезеңінде - 458,6 млн.$).

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар