11.08.2020

«Даму» қоры Қазақстанда алғашқы жасыл облигацияларды орналастырады

«Даму» қоры Қазақстанда алғашқы жасыл облигацияларды орналастырады

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры  БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қор биржасының сауда жүйесінде жылдық 11,75% купондық мөлшерлемесі және айналыс мерзімі 3 жыл "жасыл" облигацияларды табысты дебюттік орналастыруды жүзеге асырды.

 

Қордың "жасыл" облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі Лид-менеджер "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest"АҚ болды.

 

Қордың "жасыл" облигацияларын шығару БҰҰДБ-мен жаңартылатын энергетикаға инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөніндегі келісім шеңберінде мүмкін болды. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат "жасыл" жобаларды іске асыратын ШОБ субъектілеріне одан әрі кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге, микроқаржы ұйымдарына жіберілетін болады. Қордың жасыл облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудан басқа, БҰҰДБ "жасыл" жобаларды іріктеуде техникалық қолдау көрсетеді.

 

- Қордың дебюттік "жасыл" облигацияларын орналастыру жаңа құрал жергілікті капитал нарығында табысты іске асырылуы мүмкін екенін растайды. БҰҰДБ - мен және АХҚО-ның "жасыл" қаржы орталығымен одан әрі ынтымақтастық жаңартылатын энергия көздері жобаларына инвестициялауды ынталандыруға бағытталған күш-жігерге жаңа серпін береді деп үміттенеміз, - деп түсіндірді Қордың Басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева.

 

Пилоттық жоба АХҚО "жасыл" қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асырылды, ол қажетті консультациялық сүйемелдеу көрсетті және тәуелсіз қорытынды берді (Second Party Opinion).

 

Қор облигациялары АХҚО биржасының "жасыл" қағидаттарына сәйкес келетін алғашқы бағалы қағаздар болды.

 

- Әрине, AIX биржасында дебюттік "жасыл" облигацияларды шығару жалпы Қазақстанда облигациялардың жаңа нарығын іске қосатын маңызды оқиға болып табылады. Біз "Бәйтерек" холдингіне, "Даму" Қорына және БҰҰДБ - ға үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтамыз және бұл үлкен бірлескен ынтымақтастықтың бастамасы ғана деп үміттенеміз, - деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

 

- Біз ұлттық әріптестерімізбен ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуіне және Париж келісімі шеңберінде халықаралық міндеттемелерді орындауға одан әрі жәрдемдесетін боламыз, - деп өз кезегінде БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш мәлімдеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар