14.12.2023

«Бәйтерек» холдингі GREEN OFFICE AWARDS сыйлығының иегері болды

«Бәйтерек» холдингі GREEN OFFICE AWARDS сыйлығының иегері болды

2023 жылғы 13 желтоқсанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ GREEN OFFICE AWARDS 2023 жүлдесін жеңіп алды. Бұл марапат компаниялардың қоршаған ортаға әсері аз экологиялық таза және сапалы жұмыс кеңістігін құрудағы ерекше жұмысын айғақтайды.

photo_5463325394561259402_y.jpg

GREEN OFFICE AWARDS кеңседе экологиялық жағдайды жақсартуға ұмтылатын ұйымдарды айқындайды. «Бәйтерек» холдингі «ең жасыл кеңсе» атағы үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Ресей және басқа да елдердің компанияларымен сынға түсті.

Қазылар алқасы қатысушыларды суды, жылуды, энергияны, ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, аз жүретін топтар үшін объектіге кіру ыңғайлылығы, қызметкерлерге экологиялық білім беру және т.б. параметрлер бойынша бағалады.

photo_5463325394561259403_y.jpg

Айта кету керек, Холдингтің бизнес-орталығы ресурстарды ұқыпты пайдалану технологияларын ескере отырып салынған. Жұмыс, апаттық және жөндеуге арналған жарықтандыру жүйелері бар, люминесцентті жарық көздері мен қозғалыс датчиктері, күндізгі табиғи жарықты барынша пайдалануға мүмкіндік беретін витражды қасбеттер орнатылған. Су үнемдейтін жүйелер, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер, киім мен аяқ киім жинауға арналған жәшіктер қойылған. Компания қызметкерлері үнемі сенбіліктерге, экологиялық жобаларға қатысады және қайырымдылықпен айналысады.

photo_5463325394561259404_y.jpg

Холдинг ESG-ұстанымды өз қызметіне белсенді түрде кірістіреді және осындай марапаттарға алдында да ие болды. 2019 жылы Холдинг «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасында» номинациясы бойынша «Жасыл кеңсе» республикалық байқауында бірінші орын, сондай-ақ Green Office Awards 2022 сыйлығында бірінші орын алды. Биыл екінші орынды Холдингтің еншілес компаниясы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға иеленді. 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар