Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.05.2024

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

14.05.2020

"Бәйтерек" холдингінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратына қатысты мәлімдемесі

"Бәйтерек" холдингінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратына қатысты мәлімдемесі

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі онлайн-брифинг кезінде "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ лауазымды тұлғалары мен басқа да тұлғаларға қатысты "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік "АҚ еншілес ұйымының бизнес-моделін қайта құру бойынша консультациялық қызметтерді сатып алуға бөлінген 197 миллион теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша" сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғандығы туралы ақпарат таратты.

 

Осыған байланысты, "Бәйтерек" холдингі келесі  түсініктемелер берді.

 

Өткен жылдың қараша айында Холдинг 197 миллион теңге көлемінде Холдингтегі қаражатты жымқырудың мүмкін фактісі бойынша аудит жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама алды. Ішкі аудит қызметі және Холдингтің сәйкестік қызметі факт бойынша тексеру жүргізді, нәтижесінде консультациялық қызметтерді сатып алудың ішкі рәсімдерін бұзушылықтар анықталған жоқ. Тексеру нәтижелері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Департаментке жіберілді.

 

Холдинг тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсеткенін атап өткен жөн.

 

Холдинг сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына төзбеушілік туралы хабарлайды және тергеу органдарына одан әрі жәрдем көрсетуге дайын. Бұл ретте, Холдинг өз беделін бағалайтын ҚР Үкіметінің негізгі қаржы операторы бола отырып, қаражатты ұрлау фактілерінің болмағанына сенімді бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті транспаренттілік қағидатын сақтау үшін БАҚ-та тексеру қорытындылары туралы хабарлауды сұрайды.

 

Холдинг, басқарушы холдинг ретінде, «ТДҰА» АҚ қызметін дербес ұйымға қайта бағыттай отырып, бюджеттік қаражатқа 100% тәуелділіктен қайта құрумен айналысты. Ол үшін компанияның бизнес-моделін қайта құру қажет болды.  Осы мақсатта "Accenture" жетекші халықаралық консалтингтік компаниясы атынан кеңесші тартылды.

 

Аталған консультант Холдинг менеджментімен және ТДЖҰА бірлесіп ТДЖҰА бизнес-моделін өзгерту бойынша жобаны табысты іске асырды, кейіннен ТДЖҰА-ның жаңартылған стратегиясымен, жаңа функционалымен және штаттық санын екі есе оңтайландырумен "Qazaqtechventures" АҚ-ға қайта атау, компанияның проблемалық портфелі тазартылды.

 

Осы консалтингтік компания "ТДҰА" АҚ бизнес моделін қайта құру бойынша жұмыс шеңберінде ұсынған қызметтің барлық тәсілдері мен бағыттары "Qazaq Tech Ventures"АҚ-ның өзекті даму стратегиясына енгізілді. Нәтижесінде компания 2019 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы рет пайда табуға шықты және соңғы жарты жылдықта қазақстандық стартаптарға одан әрі қаржыландыра отырып, екі жетекші венчурлік қорды бірлесіп инвестициялауға тартуға мүмкіндік алды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар