Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

14.05.2024

Бәйтерек еуропалық экспорттық-кредиттік агенттіктермен ынтымақтастықты дамытады

11.10.2019

«Бәйтерек» холдингі «Жасыл кеңсе» республикалық байқауында жеңіске жетті

«Бәйтерек» холдингі «Жасыл кеңсе» республикалық байқауында жеңіске жетті

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бірінші Республикалық «Жасыл кеңсе» байқауында «мемлекеттік органдар (министрліктер, әкімдіктер, басқармалар және басқалар) мен квазимемлекеттік сектор арасында» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 11 қазанда Rixos President Astana қонақ үйінде өтті.

 

«Green Office» арнайы белгісі мен жеңімпаз дипломы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпхановқа берілді.

 

ф5

 

«Жасыл кеңсе» деп табиғи ресурстарды үнемді пайдаланатын және қоршаған ортаға қамқорлық көрсететін кеңселер, қызметкерлердің жұмыс жағдайын, жайлылықты, дизайнды және сәулетті, көгалдандыруды, тұрғын ортаның сапасын, демалу үшін мүмкіндіктерді үнемі жақсарту және еңбек өнімділігін арттыру іс-шараларына тартылған кеңселерді атайды.

 

ф4

 

- «Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор арасында» номинациясы бойынша «Жасыл кеңсе» республикалық конкурсының жеңімпаздарының бірі болып «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы таңдалды, Басқарма төрағасы Айдар Әбдіразақұлы Әріпханов. Біз, байқауды ұйымдастырушылар Холдинг басшылығына байқауға қатысқаны үшін және ресурстарға деген ұқыпты қарым-қатынасымызды және жалпы алғанда «жасыл» кеңсе стандарты қандай болуы керектігін көрсеткендері үшін алғысымызды айтамыз, - деп атап өтті «Жасыл» экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция» ЗТБ Басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекова.

 

Айта кету керек, «Бәйтерек» холдингі тобының жаңа бизнес-орталығы ресурстарға ұқыпты қарау технологиясын ескере отырып құрылған. Жұмыс кезінде, апаттық жағдайда және жөндеу жұмыстары жүргізілу барысында қолданылатын жарықтандыру жүйелері қарастырылған. Люминесцентті жарықтандыру көздері пайдаланылады. Инсоляция ескерілген қасбеттің витражды шынылануы электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар электр энергиясын үнемдеу үшін қызметкерлердің уақытша болатын орындарында қозғалыс датчиктері орнатылған.

 

Кеңседе жылу беруді реттеу, ауаны баптау, желдету және салқындату жүйесі жұмыс істей отырып, температуралық режим бойынша жеке параметрлерді орнатуға мүмкіндік береді. Бизнес-орталықтың санитарлық тораптарында суды тұтынуды үнемдеу мақсатында пайдаланушы кеткеннен кейін су беруді өздері өшіретін қозғалыс датчиктері бар  байланыссыз араластырғыштар қарастырылған. Қайта өңдеуге пайдаланылған қағаз ғана емес, сонымен қатар істен шыққан кеңсе техникасы да жіберіледі. Бизнес-орталықтың жанында қызметкерлерді салауатты өмір салтын жүргізуге және автокөлік құралдарын пайдалану кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді қысқартуға ынталандыратын велосипедтерге арналған тұрақ орындары жабдықталған.

 

Сонымен қатар, қызметкерлердің бастамасымен кабинеттер мен жұмыс орындарын көгалдандыру жүргізіледі. Холдинг қызметкерлері жыл сайын жалпықалалық сенбіліктерге және қалалық экологиялық акцияларға белсенді қатысады.

 

ф2

 

Айта кетейік, республикалық байқау 2019 жылдың 1 мамыры мен 20 қыркүйегі аралығында өтті. Ұйымдастырушы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен «Жасыл» экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция» ЗТБ болып табылады.

 

ф3

 

Байқау кеңсе ресурстарына ұқыпты қарауды насихаттау арқылы халық арасында қоршаған ортаны қорғау үшун «жасыл» көзқарас қалыптастыру мақсатында өткізілді. Байқау қорытындысына сай 10 номинация бойынша 62 өтінім келіп түсті, олардың арасынан конкурстық комиссия 19 жеңімпазды іріктеп алды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар