04.05.2019

«Бәйтерек» холдингі және KOSGEB түрік ұйымы өзара серіктестікті дамытуда

«Бәйтерек» холдингі және KOSGEB түрік ұйымы өзара серіктестікті дамытуда

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Түркияның шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау ұйымының (KOSGEB) президенті Джевахир Узгюртпен кездесті.

 

Әңгіме барысында Айдар Әріпханов Холдингтің қызметі мен Қазақстандағы шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту саласындағы «Даму» қорының рөлі туралы айтып берді.

 

- Қазіргі кезде Қазақстанның ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 27-28%-ды құрайды. 2050 жылға қарай бұл сан 50%-ға жетуі тиіс. Сондықтан, негізгі даму институты ретінде Холдинг алдында өршіл міндет тұр. Бізде негізінен қаржылық қолдау шараларымен айналысатын «Даму» қоры бар. Алайда қаржылық емес құралдарға да назар аудару керек, - деп есептейді Холдинг басшысы.

 

Тараптар атап өткендей, «Даму» Қоры мен KOSGEB арасындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Өткен жылдың 12 қыркүйегінде нақты іс-шараларды қарастыратын екі ұйым арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Оны іске асыру аясында озық тәжірибе мен үздік дағдылармен алмасу жүзеге асырылады.

 

- Сізбен ынтымақтаса отырып, біз В2В-кездесулер мен мамандармен алмасуды ұйымдастырғымыз келеді. Біздің мемлекеттік саясат және президентіміздің тапсырмаларына сүйене отырып, Қазақстанмен  экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуда жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Біз елдеріміз арасында орнауы мүмкін кез келген қарым - қатынасқа әрқашан дайынбыз, - деп сендірді Джевахир Узгюрт.

 

Айдар Әріпханов «Даму» Қорының жалғыз акционері ретінде «Бәйтерек» холдингі аталмыш бастамаларды қолдауға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.

 

Айта кетейік, KOSGEB басшылығы мен түрік бизнес өкілдері «ULTYQ O'NIM-2019» қазақстандық өндірушілердің көрмесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына барды.

 

Анықтама:

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен құрылды. Қордың миссиясы кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске асыру арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуындағы белсенді рөлді атқару болатып табылады. «Даму» Қорының филиалдары Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы билік органдарымен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

 

KOSGEB 1990 жылы құрылған. Түркияның мемлекеттік ұйымы бола отырып, KOSGEB Ел ішіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдап қана қоймай, оның өнімін әлемдік нарыққа шығаруға тырысады, экспорттық бағыттылықты ынталандырады.

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар