Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

14.05.2024

Бәйтерек еуропалық экспорттық-кредиттік агенттіктермен ынтымақтастықты дамытады

25.10.2019

«Бәйтерек» холдингі қазақстандық стартаптарға Сингапур мен Тайланд нарығына шығуға көмектеседі

«Бәйтерек» холдингі қазақстандық стартаптарға Сингапур мен Тайланд нарығына шығуға көмектеседі

Нұр-Сұлтан қаласында Digital Bridge IT-индустриясының өкілдеріне арналған диалогтік платформа аясында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «QazTech Ventures» АҚ еншілес ұйымы ұйымдастырған «QTV SESSIONS» форумы өтті.

 

Іс-шара мазмұнды пікірталастың бірегей халықаралық алаңына айналды, онда сарапшылар венчурлік қаржыландыру нарығын дамытудың, жаһандық технологиялық трендтердің, бизнес-инкубациялау жүйесін дамытудың, корпоративтік инновацияларды енгізудің негізгі мәселелерін талқылады.

 

«QTV SESSIONS» аясында «QazTech Ventures» АҚ мен сингапурлық «Quest Ventures» жетекші венчурлық Қоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 

273301

 

- Меморандумдардың мақсаты өте қарапайым қазақстандық стартап жүйесін әлем картасына қою, себебі бұл жас сала. Біз дамыған экожүйелермен осы берік байланыстарды орнату үшін көп жұмыс істейміз. Оның маңыздылығы неде? Ол салада ақша бар, кәсіби венчурлық инвесторлар бар. Бір ғана Сингапурда жыл сайын стартаптар 10 млрд долларға қорландырылады. Бұл қалада 250 венчурлік қор бар. Біздің стартаптарда өз өнімдерін таныстыру және сату үшін сол жерге бару мүмкіндігі болуы керек. Егер осы жерде дамытып алып кетуге мүмкіндік болмаса, сол елде бекітіліп, алға қадам басып кетуге жағдайлары болса екен дейміз, - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы директоры Әділ Нұрғожин.

 

Өз кезегінде Quest Ventures серіктесі Джефри Сеа өз әріптесін қолдап, экожүйені құру стартаптарды дамыту үшін міндетті шарт екенін атап өтті.

 

- Мемлекет стартаптарды қолдап, олар үшін ашық нарық құратыны керемет. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар жалпы аймақтың экономикасы өсуінің маңызды бағыты. Қозғалыс үшін және алға ілгерілеуде міндетті құрамдас экожүйе құру болып табылады. Жалпы, қазақстандық стартаптар Азияға ғана емес, бүкіл әлемге де бағдарлануы мүмкін, - деп атап өтті Джефри Сеа.

 

27355

 

Сонымен қатар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «QazTech Ventures» АҚ Таиландтың Ұлттық инновациялық агенттігімен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

 

- Венчурлік капитал нарығы Таиландта шамамен екі он жыл бұрын құрылды. Соңғы бес жылда Таиландтағы капитал мен инвестициялар нарығы стартаптарға және әлеуеті жоғары компаниялардың халықаралық сатып алуына байланысты ең белсенді секторлардың бірі болды, - деп атап өтті Таиланд Ұлттық инновациялық Агенттігінің Басқарма Төрағасы Пун-Ардж Чайратана.

 

Айта кетейік, «QTV SESSIONS» іс-шара бағдарламасы үш блоктан құралды, оның аясында панельдік сессиялар, сарапшылар пікірталастары мен венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және корпоративтік инновациялар бағыттары бойынша шеберлік сабақтары өтті.

 

- Бүгінгі іс-шара индустрияның негізгі сарапшылары үшін диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа стратегиялық маңызды әріптестік қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік берді. Белсенді талқылау нәтижесінде біз серіктестеріміз және халықаралық сарапшылардан кері байланыс алдық, бұл біздің жұмысымызды венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және сараптамалық-технологиялық сүйемелдеу секілді үш бағыт бойынша жетілдіруге мүмкіндік береді, - деп атап өтті «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы Жандос Шаймарданов.

 

27166

 

«QTV SESSIONS» іс-шара бағдарламасы үш блоктан тұрды, оның шеңберінде параллель режимде панельдік сессиялар, сарапшылар пікірталастары мен венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және корпоративтік инновациялар бағыттары бойынша шеберлік сабақтары өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар