07.12.2023

«Бәйтерек» корпоративтік басқару форумына қатысты

«Бәйтерек» корпоративтік басқару форумына қатысты

2023 жылғы 7 желтоқсанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Корпоративтік басқару – жаңа сын-қатерлер» корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форумға қатысты.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада әлемнің жетекші сарапшылары мен қаржы құрылымдарының басшылары сөз сөйледі. Форум аясында корпоративтік басқарудағы өзекті трендтер мен жаңа сын-қатерлер, басқару парадигмасының өзгеру тенденциялары, сондай-ақ қазақстандық бизнес пен квазимемлекеттік секторда халықаралық тәжірибелерді енгізу мысалдары талқыланды.

IMG_9949.JPG

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым форум қатысушыларына Холдингтегі жоғары корпоративтік басқару деңгейін, атап айтқанда 98% жалпы даму деңгейін және 100% «ашықтық» компонентін көрсететін халықаралық сарапшылар берген баға туралы айтты.

«Корпоративтік басқару ESG қызметінің маңызды құрамдас бөлігі және «Бәйтерек» холдингі ұзақ мерзімді тұрақты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарын үйлестіреді», - деп атап өтті Үсен Ғалым.

IMG_9952.JPG

Холдинг төрағасы орынбасарының айтуынша, «Бәйтерек» өзінің еншілес компанияларында жұмысты бизнес-процестерді біріздендіруге және оңтайландыруға бағыттап, корпоративтік басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Анықтама үшін: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жолымен тұрақты дамыту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар