24.10.2023

«Бәйтерек» Холдингінде Республика күні атап өтілді

«Бәйтерек» Холдингінде Республика күні атап өтілді

Бүгін «Бәйтерек» холдингінде мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты рәсім болып өтті. Іс-шарада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров Холдинг ұжымын осы маңызды ұлттық мерекемен құттықтап, салтанатты марапаттарды табыс етті.

Марапатталған қызметкерлер қатарында:

·      Оразбаева Замира Сейтқалиқызы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қостанай облысы бойынша өңірлік филиалының директоры - «Құрмет» орденімен марапатталды.

·      Куклин Сергей Геннадиевич, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры – «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

·      Қалиев Қаныш Шағурашидұлы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері — Премьер-Министрдің алғысына бөленді.

·      Загоскина Анна Николаевна, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысын алды.

·      Савенкова Ольга Владимировна, директордың орынбасары – «Отбасы банк» АҚ сату және Өңірлік даму департаменті басқармасының басшысы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысына ие болды.

·      Хасенов Марат Емішұлы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының мониторинг жөніндегі бас менеджері - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысын алды.

·      Абдулов Марат Серекұлы, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кредиттеу жөніндегі филиалы директорының орынбасары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысына ие болды.

·      Қожахметов Өмірғали Тоқтарұлы, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ техникалық сараптама және мониторинг департаментінің бас менеджері — «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

·      Данияр Мадиниятұлы Қалиев, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы активтерін мониторингілеу және басқару департаментінің бас менеджері - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

·      Хамитова Лаура Мұхамбетқалиқызы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Активтерді басқару департаментінің бас менеджері - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Алғыс хатын алды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар