Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.05.2024

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

03.06.2021

«Бәйтерек» холдингі Қоғамдық кеңестің құрамын жасақтауда

«Бәйтерек» холдингі Қоғамдық кеңестің құрамын жасақтауда

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) жанындағы Қоғамдық кеңес «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында құрылып отыр.

Холдинг 7 адамнан тұратын жұмыс тобының мүшелеріне конкурстық іріктеуді ақысыз негізде жариялайды, ол кейіннен Холдингтің Қоғамдық кеңесінің құрамын құрайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қолма-қол немесе Холдингтің электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды жолдайды:

1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші (нысанды жүктеу);

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) үміткердің кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Сондай-ақ, Холдинг Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына ақысыз негізде қатысу үшін бақылаушылар тізімін қалыптастыруда.

Үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар, жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

Егер сізді қызықтыратын болса, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, өтініш жіберіңіз (нысанды жүктеңіз).

Құжаттар 2021 жылдың 7 маусымына дейін (қоса алғанда) Z05T3E2, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй, В блогы мекен-жайы бойынша немесе qkenes@baiterek.gov.kz электронды мекен-жайы бойынша қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 708 999 43 99 (Хамитова Лаура), +7 701 743 99 07 (Мурзагалиева Алия) ұялы телефондарына қоңырау шалуыңызды өтінеміз.

Құқықтық актілерге сілтемелер:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383

Қоғамдық кеңес туралы типтік ереже

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022264

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар