25.09.2023

«Бәйтерек» холдингі «ИННОПРОМ. Қазақстан» көрмесіне қатысты

«Бәйтерек» холдингі «ИННОПРОМ. Қазақстан» көрмесіне қатысты

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстандағы ИННОПРОМ халықаралық көрмесіне қатысты. Іс-шара шеңберінде холдинг келушілердің назарын өз дамуының негізгі инновациялық жобалары мен стратегиялық бағыттарына аудара отырып, өз павильонын ұсынды.

photo_2023-09-25_18-01-31.jpg

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында холдинг өзінің еншілес ұйымдары: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арқылы өңдеуші өнеркәсіп және инфрақұрылым саласында қолдау көрсетуде.

photo_2023-09-25_18-01-30.jpg

Іс-шараға көлік, ауыл шаруашылығы, энергетикалық машина жасау, станок жасау, химия өнеркәсібі, металлургия және өнеркәсіптік IT сияқты әртүрлі салалардан 300-ден астам компания жиналды. Көрмеге Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Армения Республикасының және Ресей Федерациясының ұлттық экспозициялары қойылды.

photo_2023-09-25_18-01-28.jpg

Іс-шараға 20 елден келген делегациялар тәжірибе алмасу, өнеркәсіптік дамудың болашағын талқылау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту платформасын ұсына отырып қатысты.

photo_2023-09-25_18-01-32.jpg

«Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлікті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, ел экономикасының шикізаттық емес секторларын дамытуға тікелей үлес қосып жатыр.

photo_2023-09-25_18-38-52.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар