25.12.2020

«Бәйтерек» холдингі фармацевтикалық кәсіпорындарға қолдау көрсету құралдарын таныстырды

«Бәйтерек» холдингі фармацевтикалық кәсіпорындарға қолдау көрсету құралдарын таныстырды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп фармацевтикалық кәсіпорындарды қолдау мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді. Іс-шараға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров, «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин, сондай-ақ Холдингтің, оның еншілес ұйымдары мен фармацевтикалық компанияларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Холдингтің бизнесті қолдау құралдары таныстырылды және фармацевтика саласындағы бәсекелестікті қорғау мәселелері талқыланды.

Марат Омаров кіріспе сөз сөйледі. Ол мемлекеттік органның алдында бағаны реттеумен айналысып қана қоймай, осы тауар нарығында бәсекелестікті дамыту, қызмет көрсету сапасының бірінші кезекте оқшаулау арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атап өтті.

- Кез келген бизнес сияқты – бұл жеңілдетілген несие мен инвестицияларды талап ететін күрделі іс. Бізде қаржылық даму институты – еншілес ұйымдары және нақты қолдау көрсететін бірегей қолдау құралдары бар "Бәйтерек" Холдингі бар. Сондықтан біз "көпір" рөлін атқарып, "Бәйтерек" холдингі мен оның еншілес ұйымдарының өкілдері қолда бар қолдау құралдары туралы айтып беруі үшін таныстыру кездесуін өткізгіміз келді. Өз тарапынан отандық фармацевтикалық компаниялар өздерінің жоспарлары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ бар қиындықтар туралы айтып береді. Пандемия кезінде мұндай ынтымақтастық өте маңызды, - деп түсіндірді Марат Омаров.

Өз кезегінде Рустам Қарағойшин қатысушыларға ірі, орта және шағын бизнесті қолдаумен айналысатын еншілес ұйымдардың қызметі туралы айтып берді.

- «Бәйтерек» холдингінің басты міндеті – отандық өндірісті әртараптандыру және дамыту, яғни біздің Холдинг - Үкіметтің ел экономикасын жаңғырту жөніндегі негізгі құралы, - деп атап өтті Рустам Қарағойшин.

Холдингтің еншілес компанияларының өкілдері өздерінің қолдау құралдары туралы толығырақ айтып берді. Сондай-ақ, фармацевтика саласының қатысушылары өз сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, диалог оффлайн режимінде де жалғасады, қатысушылар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша «Бәйтерек» холдингінің өкілдерімен кеңесіп, қолдау алу үшін өз жобалары мен идеяларын ұсына алады.

Айта кету керек, "Бәйтерек" холдингінің компаниялар тобы жалпы сомасы 33 млрд теңгеден асатын дәрілік заттар өндірісі саласындағы 110-нан астам жобаға қолдау көрсетті. Осы жобалар үшін мынадай құралдар ұсынылды: жеңілдікті кредиттеу, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, экспорттық кредиттеуді кепілдендіру және сақтандыру.

Холдинг пен оның еншілес ұйымдарын қолдау шаралары туралы толығырақ ақпарат презентацияда келтірілген, оны осы жерден жүктеп алуға болады.

Анықтамалық:

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар