09.11.2023

«Бәйтерек» холдингі «Қазақстандағы еңбек құқықтарын қорғау мәдениеті» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

«Бәйтерек» холдингі «Қазақстандағы еңбек құқықтарын қорғау мәдениеті» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

2023 жылғы 9 қарашада Роза Люксембург қорының қолдауымен Eurasian Center for People Management (ecpm.kz) компаниясының зерттеу тобы жүргізген «Қоғам көзқарасы бойынша еңбек құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі мен тиімділігі» зерттеуі нәтижелерінің таныстырылымы өтті.

«Холдинг өз қызметінде ESG қағидаттарын ұстанады. Қызметкерлеріміз – біздің басты құндылығымыз әрі негізгі ресурсымыз. Холдинг қызметінің нәтижесі тікелей олардың кәсіпқойлығы мен қауіпсіздігінің деңгейіне байланысты. Сондықтан біз Холдинг ішінде де, оның еншілес компанияларында да еңбекті қорғауға, жайлылыққа және қызметкерлердің дамуына, жоғары корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз», - деді «Бәйтерек» холдингі аппаратының басшысы Дина Акрачкова.

IMG_8926.JPG

Холдинг сарапшылары адами ресурстарды дамыту, қорғау, корпоративтік басқаруға ESG енгізу, сондай-ақ персоналмен жұмыс істеуді цифрлық форматқа көшіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Қазақстан Республикасы халқының үштен бірі жалдамалы еңбек өкілдері. Олардың әрқайсысы еңбек құқықтарының бұзылуына тап болуы ықтимал. Елімізде еңбекшілердің құқықтарын қорғау мәдениеті әлі толыққанды қалыптасқан жоқ», - деп атап өтті Eurasian Center for People Management Бас директоры Ербол Исмаилов.

Сарапшылар кәсіподақтардың болашағы цифрландыруда екеніне сенімді. Бір жағынан, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілерді дамыту еңбек құқықтарын бұзумен байланысты проблемаларды айқындайтын жаңа арналарды құра отырып, кәсіподақтар жұмысының дәстүрлі форматын бұзады. Екінші жағынан, кәсіподақтардың онлайн кеңістікке ауысуы оларды жылдам әрі ашық етеді, осылайша жұмысшылардың кәсіподақтарға деген сенімін қайтарып, сұранысты арттырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар