Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

08.10.2020

Бәйтерек девелопмент қызметін тоқтатты

Бәйтерек девелопмент қызметін тоқтатты

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы – «Бәйтерек» девелопмент» АҚ «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ға қосылу жолымен қызметін тоқтатты.

Бұған дейін хабарланғандай, «Бәйтерек» холдингі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру бағытында ауқымды жұмыс жүргізуде. Оған Холдингтің үш еншілес ұйымы – Бәйтерек девелопмент, Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) және Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры (ТҚКҚ) кіреді. Айта кететіні, ағымдағы жылдың соңына дейін ТҚКҚ, сондай-ақ «Даму» АҚ-ның жеке құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау тетігі ҚИК-ке берілетін болады.

Бірыңғай оператор 2021 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ деген жаңа атаумен қызметін бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, Бәйтерек девелопмент «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қаржы операторы болып табылды және елдегі құрылыс саласына қажет қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етті. БД жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландырды. Ұйымның таратылуына байланысты оның функциялары Бірыңғай операторға өтеді.

Осылайша, қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингінің құрылымында 10 еншілес ұйым бар. Олар – «Қазақстанның Даму Банкі АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар