Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

27.04.2024

«Бәйтерек» холдингі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

21.08.2020

Қазақстанда «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы» шахмат турнирі басталады

Қазақстанда «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы» шахмат турнирі басталады

28-30 тамыз аралығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы және «Bolashaq» Қауымдастығы жедел шахматтан балалар онлайн-турнирін – халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың Кубогын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жарысқа 600-ге жуық қазақстандық жас дарындар қатысады деп күтілуде.

 

Іс – шараның басты міндеті-карантин және жабық халықаралық шекаралар кезеңінде сапалы турнир тәжірибесін қажет ететін отандық таланттарды қолдау.

 

Жарыс 2002-2005, 2006-2009 ж.т., сондай-ақ 2010 ж. т. және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында өткізіледі. Жүлде қоры 2,6 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, ұлдар мен қыздарға жеке сыйлықтар орнатылды.

 

Турнир lichess.org ойын алаңында өтеді. Ойын Швейцария жүйесі бойынша 9 турдан тұрады. Уақытты бақылау – партияның соңына дейін әр қатысушының жүрісіне 15 минут + 10 секунд.

 

Жарысқа қатысу үшін өтінімдер dscup2020@gmail.com электрондық поштасына қабылданады, тіркеу мерзімі - 24 тамыздан Нұр-сұлтан уақытымен 18:00-ге дейін. Өтініште жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және ұялы телефон нөмірін қоса көрсету қажет. Бүгінде турнирге 200-ден астам ойыншы тіркелді.

 

Турнирдің бас төрешісі - халықаралық төреші, ФИДЕ шебері Ержан Шәкенов. Античитерлік комиссияны халықаралық гроссмейстер Әнуар Исмағамбетов басқарады. Комиссияның міндеті - әділ ойынды қамтамасыз ету және сыртқы кеңестер мен компьютерлік бағдарламаларды қолдануға байланысты түрлі бұзушылықтарға жол бермеу. Алаяқтықпен күрес - қазіргі шахматтың басты мәселесі.

 

Тіркеу, төрешілік, жүлделерді бөлу, төрешілер мен античитерлік комиссиялардың жұмысы туралы толық ақпаратты жарыс ережесінен білуге болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар